Жаңалықтар

“Балалар ауырған”. Оралда мемлекеттік балабақшада балаларға бұзылған ет пісіріп берген

“Балалар ауырған”. Оралда мемлекеттік балабақшада балаларға бұзылған ет пісіріп берген
Фото: Pixabay 26.09.2023 10:14 2023

Оралда әуежай маңында орналасқан №47 "Бәйтерек" балабақшасына баратын балалардың ата-аналары прокуратураға және БҚО санитария-эпидемиологиялық бақылау департаментіне шағымданған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

25 қыркүйекте ата-аналар балаларын балабақшаға әкеліп, адам төзгісіз иісті байқаған. Ата-аналардың бірінің айтуынша, ас үйдегі ыдыста "көк сорпа" қайнап жатқан.

"Бәйтерек" бақшасының меңгерушісі Тоян Мұқатова мұндай жағдай алғаш рет болып отырған айтады.

Бүгін таңертең балабақшаға келіп, иіс сездім. Ас үйге бардым. Басқасын салдық. Қойма меңгерушісі етті шығарып, жұмыртқа сақтайтын тоңазытқышқа жібітуге қойған. Бұл тоңазытқыш жақсы салқындата алмайды. Аспаз оны пісіруге салған. Олармен сөйлестім, түсініктеме алдым, қоймашыға және барлық аспазға сөгіс бердім. Кейінірек өнімдердің бүлінуі туралы акт жасалды. 30 келіге жуық ет бүлінді, - деді Тоян Мұқатова.

Тәрбиеленушілердің бірінің ата-анасы Сәуле Имашева бүлінген өнімдер балаларға бұған дейін де берілген деп ойлайды.

Ұлымның сенбіде температурасы көтерілді, оны түсіру мүмкін болмады, әлсіздік байқалды, - дейді Имашева.

Бұған балабақша басшысы қазір аймақта диарея мен құсу секілді белгілері бар инфекция таралып жатқаны хабарланғанын айтқан.

Мазасызданған ата-аналар санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға жүгінген, алайда оларға бала уланған жағдайда ғана тексеріс жүргізе алатындарын айтқан.

Меңгеруші балабақшаға 420 бала келетінін жеткізді. Үлкен топқа бару үшін ата-аналар айына 18 мың теңге, кіші топқа 16 мың теңге төлейді.

Қазір ата-аналар меңгерушіні, қойма басшысын, дәрігерді, бухгалтерді және аспазды қызметінен босатуды талап етіп отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға