Жаңалықтар

Балалар ауруханасын жөндемеген мердігерге лауазымды тұлға 921 млн теңге аударған

Балалар ауруханасын жөндемеген мердігерге лауазымды тұлға 921 млн теңге аударған
Фото: © El.kz 30.03.2024 18:09 900

Қостанайда лауазым иесі балалар ауруханасын жөндемеген мердігерге 921 млн теңгені аударып жіберген. Бұл фактіні облыс прокурорлары анықтаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қостанай облысының прокуратурасы тексеру комиссиясымен бірлесіп облыстық балалар ауруханасының ғимаратын күрделі жөндеуге бөлінген бюджет қаражатын мақсатты және тиімді пайдалану мәселесі бойынша тексеру жүргізген.

2020 жылдың 21 шілдесінде «Қостанай облыстық балалар ауруханасы» КМК тапсырыс берушісі мен «Вершина» ЖШС мердігері арасында 1,2 млрд теңге сомасына ғимаратты күрделі жөндеуге шарт жасалған. Кейінірек мердігердің атына 921 млн теңге аударылған. Алайда жұмыстар аяқталмаған, сондай-ақ жасалған шарт бұзылған.

Тексеру көрсеткендей, «Вершина» ЖШС-ге ақшалай қаражаттың бір бөлігі жөндеу жұмыстарын орындау туралы растайтын құжаттарсыз негізсіз аударылған. Осы факті бойынша облыс прокуратурасымен Қылмыстық кодекстің 361-бабы (лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, - делінген облыстық прокуратура мәліметінде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға