Жаңалықтар

Балаева: «Масс-медиа туралы» заң жобасының мақсаты – сөз бостандығын қамтамасыз ету

Балаева: «Масс-медиа туралы» заң жобасының мақсаты – сөз бостандығын қамтамасыз ету
Фото: © ОКҚ 30.11.2023 17:43 969

Бүгін Мәжілісте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың БАҚ заңнамасын қайта қарау туралы тапсырмасын орындау аясында әзірленген «Масс-медиа туралы» заң жобасы бірінші оқылымда қаралды. Заң жобасы мемлекет мүддесін, қоғам сұранысын және медиа саласының даму тенденцияларын ескере отырып әзірленді. Бұл туралы мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оны дайындау барысында Еуропа елдерінің халықаралық тәжірибесі, Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының стратегиялық құжаттары жан-жақты зерделенді. Заң жобасының негізгі мақсаты – сөз бостандығын, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, әсіресе журналистердің мәртебесін арттыру және мемлекеттік тиімді ақпараттық саясатты қалыптастыру, - деді министр.

Аида Балаеваның айтуынша, «Масс-медиа туралы» заң жобасы негізгі бұқаралық ақпарат құралдары және теле-радио хабарларын тарату туралы екі заңның синтезі. Олардың негізгі мақсаты отандық қауіпсіз ақпараттық кеңестікті қалыптастыру екені белгілі.

Бүгінде Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінде жұмыс тобында 16-дан астам отырыс өтті. Одан басқа 5 арнайы тыңдаулар, кездесулер өткізді. Одан кейін Мәжілістің қоғамдық палатасының отырысында да жан-жақты талқыланып, Үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің пікірін тыңдап, үлкен талқылау жүргізілді, - дейді Аида Ғалымқызы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға