Жаңалықтар

Бала өмірінің қауіпсіздігі маңызды

Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия сіздерден балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды
Бала өмірінің қауіпсіздігі маңызды
Фото: El.kz 18.07.2022 17:43 3423

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның ата-аналарға үндеу жасады, – деп хабарлайды El.kz.
Балалар – әрқайсымыздың өміріміздегі ең қымбат байлығымыз. Бұл ешқандай түсіндіруді қажет етпейтін аксиома. Сондықтан, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия сіздерден жас балаларды қараусыз және олардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін жағдайларда қалдырмауды сұрайды.

– Соңғы кездері жазатайым оқиғалар мен қылмыстардың салдарынан қаза тапқан және зардап шеккен балалар туралы жаңалықтар көбейіп жатыр. Әрбір факт – үлкен қасірет. Біз олардың алдын ала аламыз, алдын алуымыз керек және алдын алуға міндеттіміз, – деді Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы.

Өз кезегінде Ұлттық комиссия ата-аналар үшін өз балаларын тәрбиелеумен көбірек айналысуға, жауапты ата-ана мәдениетін ілгерілетуге, сондай-ақ балалардың өмірі мен денсаулығына жауапты құрылымдардың қызметіне қоғамдық бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін құқықтық ортаны дамыту жөнінде шаралар қабылдауға ниетті.

– Қазір демалыс, белсенді демалу, оның ішінде су маңында демалу кезеңіне сәйкес келетін дәстүрлі жазғы демалыс уақыты. Оның үстіне бұл күндері көшеде күн ыстық, соның кесірінен көпқабатты пәтерлердің терезелерін ашық қалдырушылар көп. Бұған қоса, еліміздің түкпір-түкпірінде мыңдаған бала күндізгі уақытта өздерімен-өздері қалып қояды. Балаларыңызды қауіпті жағдайда қалдырмаңыздар,–деді Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға