Жаңалықтар

Балқаш – әлемдегі бірегей көл әрі тұран арыстанының мекені

Балқаш – әлемдегі бірегей көл әрі тұран арыстанының мекені
25.08.2020 08:56 32683

Қарағанды – Қазақстанның жүрегі әрі оның индустриялық астанасы. Орасан зор мәдени мұрасы, сан алуан тарихи ескерткіштері, көздің жауын алатын әсем табиғаты, аспанмен таласқан таулары үшін осы 09-шы өңір – саяхат жасауға тұрарлық мекен. Қарағанды аймағында әрбір адамның көңілінен шығатын маңызды орындар өте көп. Ал, ендеше, бәріне рет-ретімен тоқталайын.

Балқаш – әлемдегі бірегей көл әрі тұран арыстанының мекені

   Балқаш туралы біз не білеміз?

Балқаш көлінің құпиясы осы күнге дейін дүйім жұртты таңқалдыруда: климаты құрғақ, жауын-шашынға тапшы аймақта, ұшы-қиыры жоқ далада суы жартылай тұщы су қоймасының пайда болуы географиялық қарама-қайшылық бола тұра, ғалымдар әлі де байыбына жетпеген құпия болып табылады. «Балқаш» сөзін айтқан кезде көлемі бойынша дүние жүзінде 14-ші орынға орныққан бірегей көл екендігі, әрі бір бөлігі тұщы (1 литр суында 1 грамм да тұз жоқ) және екінші бөлігі ащы (1 литр суында 3,5 грамнан 6 грамға дейін тұзы бар) дүние жүзіндегі жалғыз көл екендігі ойға оралады. 

Балқаш – әлемдегі бірегей көл әрі тұран арыстанының мекені

Гидрографиялық тұрғыдан бөліп тұратын ені тар бұғаздың және Сарыесік түбегінің арқасында көлдің құрамы жағынан екі түрлі бөлігі мүлде араласпайды. Жалпы есеп бойынша, көлдегі ерітілген тұздың қоры 312 млн.тоннаға тең. Сонымен қатар, Балқаш ауқымдылығы бойынша елімізде Каспийден кейінгі құрғамайтын екінші көл болып саналатыны мәлім. 

Екінің бірі біле бермейтін қызғылықты жайттың бірі – Балқашқа бес ірі өзен құяды, бірақ олардың біреуі де қайта шықпайды. Бұдан туындайтын сұрақ: көлге құйылатын барлық су қайда кетіп жатыр?

Балқаш – әлемдегі бірегей көл әрі тұран арыстанының мекені

Балқаш деп айтқан кезде ойға бірден Балқаш қаласы емес, жайдары әрі шуақты жаз, адам еңсесін көтеретін және жанына серпін беретін, толқыны самал желмен жарысқан, пішіні жарты ай іспеттес көл, көздің жауын алатын таза мөлдір су елестейді.

Балқаш – әлемдегі бірегей көл әрі тұран арыстанының мекені

Балқаш көлі бірден үш облыстың: Алматы, Қарағанды және Жамбыл облыстарының шекарасында орналасқан. Бір жағынан Шу-Іле таулары көмкеріп тұрса, екінші жағынан – ұсақшоқыға алмасатын ұшы-қиыры жоқ Бетпақ дала, ал үшінші жағынан Орта Азия құмды алқабына тікесінен тіреледі.

Балқаш – әлемдегі бірегей көл әрі тұран арыстанының мекені

Көлдің ауданы - 16,4 мың шаршы км. Шынымен, Балқаш ұзындығы 600 км, ал ені шығыс бөлігінде 9-20 км және батыс бөлігінде 74 километрге дейін жететін еліміздегі ең ірі ішкі құрлық көлі. Осыған қарамастан, Балқаштың орташа тереңдігі 6 метр, неғұрлым терең жері небәрі 27 метрге дейін жетеді. 

Балқаш – әлемдегі бірегей көл әрі тұран арыстанының мекені

Салыстырмалы түрде, Ыстық көлдің барынша терең жері 700 метрден астам, ал Байкалдың тереңдігі 1,5 километрден асатынын атап өтейін. Геологтар мен геоморфологтардың деректеріне сүйенетін болсақ, көлдің пайда болғанына 35000 жылдан асқан. 

Балқаш – әлемдегі бірегей көл әрі тұран арыстанының мекені

Балқашта ауқымы әртүрлі барлығы 43 арал бар. Олардың жалпы ауданы 66 шаршы км. Біраз аралға желдетіп қайық жеткізсе, кейбіреуіне жүзіп те жетуге болады екен.

Балқаш – әлемдегі бірегей көл әрі тұран арыстанының мекені

Айтпақшы, мұндағы желдің орташа жылдық жылдамдығы 4,5 - 4,8 м/с дейін жетеді. Егер жел екпіні қатты болса, көлдегі толқын биіктігі лезде 2-3,5 метрге дейін барады екен. 

Бұған қоса, Балқаштың батыс бөлігінде сағат тілінің бойымен бағытталған айналымдық ағыс үнемі байқалады.

Балқаш – әлемдегі бірегей көл әрі тұран арыстанының мекені

Жағажайдағы есте қаларлық демалыс

Көл маңындағы климат шөлді болғандықтан, мұндағы ауа да жаз мезгілінде 45 градусқа дейін жылынады. Балқаш өңірінде күн шуағын жылына 110-130 күн төгіп тұрады. Бұл көл шапшаң жылынатын көлдер қатарына жатады. Жазғы уақытта су беті Цельсий бойынша 28 градусқа дейін жылынады. Бұл барлық демалушыларға Жерорта және Қызыл теңіздеріндегі қымбат әрі алыс сапардан гөрі, Балқашта сапасы бойынша ыңғайлы әрі бағасы бойынша қолайлы нұсқамен демалу мүмкіндігін сыйлайды. Ал көл басындағы көптеген құмды жағажайлар жазғы демалысыңыздың әсерлі өтуіне септігін тигізіп, есте қалатын сәттерді қамтамасыз етеді.

Балқаш – әлемдегі бірегей көл әрі тұран арыстанының мекені

Балқаштың туристік инфрақұрылымының даму дәрежесі жеткіліксіз болғанына қарамастан, бұл көл «өздігінен» келіп демалатын негізінен қазақстандықтар мен ресейліктер арасында жағажайлық демалыстың ең танымал бағыты болып табылады. Мұндағы демалыстың көпшілікке мәлім түрлері: жағажайлық туризм, желкенді туризм, байдарка мен каноэ, балық аулау.   Балқаштағы демалыс базалары қалаға жақын маңда, сондай-ақ Пирозерск қаласында, Шұбар-Түбек, Тораңғалық кенттері және басқа да елді мекендерде орналасқан. Туристік сервис негізінен солтүстік-батыс жағалауында басымырақ дамыған, демалушылар тобы мен балаларымен демалатын отбасыларына негізделген.

Балқаш – әлемдегі бірегей көл әрі тұран арыстанының мекені

Балқаш көлінің жағажайында күн шуағына бөленіп, суға түсу мерзімі маусым айында басталып, қыркүйек айына дейін жалғасады. Әдетте жазда көл жағалауында жастар фестивальдері, жиындары өткізіледі, басты жағажайларда демалушылар саны өте көп болады. Өкінішке орай, биылғы 5 айға созылған карантин салдарынан қазақстандықтардың бос уақыт өткізулеріне біршама өзгерістер енгізіліп, мәдени-бұқаралық бағдарламаларға, іс-шараларға тыйым салынды.          

Балқаш – әлемдегі бірегей көл әрі тұран арыстанының мекені

Дегенмен, көлде демалудан ләззат алатын адамдар саны саябырсыды деп айтуға негіз жоқ. Демалысын Балқашта өткізуді ұнататындар жеке шатырларын құрып демалуда. Бұл әлеуметтік арақашықтықтың сақталуын қамтамасыз етеді. Көл аумағының кеңдігі және ұзындығы адамдардың бір-біріне жақындамай, қауіпсіз демалуына мүмкіндік береді.

Балқаш – әлемдегі бірегей көл әрі тұран арыстанының мекені

Ал егер көлге қыс ортасында келсеңіз, көңіліңізден шығатын ойын-сауық түрлері жетерлік. Атап айтсақ: шаңғымен серуен, мұз айдынындағы виндсёрфинг, қарда жүретін машинамен айналаны аралау. Балқаш маңында атпен және түйемен серуендеу де естен кетпес ерекше сезім сыйлайды.

Балқаш – әлемдегі бірегей көл әрі тұран арыстанының мекені

Сонымен қатар қалтаңыз қалың болса, тікұшақпен экскурсияға қатысып, Балқаш көлінің көркемдігімен биіктен танысу мүмкіндігі де бар.

Балқаш – әлемдегі бірегей көл әрі тұран арыстанының мекені

Айтпақшы, Балқаш көлінің тұзды суы мен минералданған күкіртсутекті балшығы адам ағзасы үшін өте пайдалы әрі оның денсаулығына оң әсер етеді. Қасиеті бойынша Алакөл суынан артық болмаса, кем емес. Көл тұзының қасиеті ерекше, оны су қоймасының маңындағы қайнар көздерден алуға болады. Балқаштың минералға бай   күкіртсутекті балшығы құрамы жағынан шипалы. Сондықтан ала жазда құрамы жағынан теңіз суынан кем емес пайдалы Балқаштың мөлдір суында шомылу ересектердің де, балалардың да иммунитетін нығайтуға жәрдемдеседі. 

Балқаш – әлемдегі бірегей көл әрі тұран арыстанының мекені   

Қазақстандықтар соңғы кездері Балқаш жағалауына демалыс турларын жиі ұйымдастыруда. Соған қарағанда бұл өңір бәрінің көңілінен шыққан жағажайлардың бірі болып табылатыны сөзсіз.

Балқаш – әлемдегі бірегей көл әрі тұран арыстанының мекені

Туристер ағынын 5 есеге ұлғайту

Соңғы жылдары Балқаш курорттық аймағын жақсарту қолға алынды. Келешекте Шұбар-Түбек және Тораңғалық елді мекендеріндегі көл жағалауының бойымен жиырма километр қашықтықта 20-дан астам жаңа демалыс аймақтарын салу жоспарланған. 

Балқаш – әлемдегі бірегей көл әрі тұран арыстанының мекені

Балқаш әкімдігінің ақпараты бойынша, жақын арада осы екі кент қалаға қосылатын болады. Болашақта осы жаңа жобаларда сумен жабдықтау, су бұру, электрмен қамтамасыз ету инженерлік желілерін өткізу болжануда. Қарағанды-Балқаш трассасының құрылысын аяқтау және қалалық әуежайды реконструкциялау жобалары осы өңірдегі туризмді дамытуға серпін бермек.    

Балқаш – әлемдегі бірегей көл әрі тұран арыстанының мекені

Тұтастай алғанда, аталған шараларды қабылдау инвестициялық тартымдылықты арттыруға және бірқатар күрделі мәселелерді: демалыс аймағындағы жоғары бағалар мен қызмет көрсету сапасының төмендігі сияқты проблемаларды шешуге септігін тигізуі тиіс.

Балқаш – әлемдегі бірегей көл әрі тұран арыстанының мекені

Сонымен қатар Балқашта әуе қатынасы мәселесі де оң шешімін табуда. Бұған дейін тек Як-40 немесе Ан-24 сияқты ұшақтар ғана қона алатын ұшу-қону жолағы реконструкциялаудан өткен соң, Бомбардир q-400 класты ұшақтарды да қабылдай алады. 

Балқаш – әлемдегі бірегей көл әрі тұран арыстанының мекені

Жарқын болашақта рульдік жолды, перронды, әуежай ғимаратын реконструкциялау, сондай-ақ 1 және 2-класты жолаушылар ұшағын қабылдауға арналған талаптарға сәйкес келетін қосымша инфрақұрылымды салу көзделеді. Аталған барлық ауқымды жұмыстарды 2023 жылға қарай толық аяқтау жоспарланып отыр.

Балқаш – әлемдегі бірегей көл әрі тұран арыстанының мекені

Мамандардың бағалауы бойынша, осы қабылданып жатқан шаралар кешені туристер ағынын 5 есеге, яғни қазіргі жылына 80 мың адамнан 500 мың адамға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

 Флора мен фауна

Балқаш көлінде қысы-жазы, күні-түні балық аулаушылар саны толастамайды. Мұндағы балықтар түрі сан алуан: сазан, сом, ақтабан, торта шабақ, мөңке, көксерке, жыланбас балықтар кездеседі. Тұтастай алғанда, 20-дан астам балық түрі мекендейді. Кейбір сомдардың салмағы 70 килограмға дейін жетеді.

Балқаш – әлемдегі бірегей көл әрі тұран арыстанының мекені

Жергілікті тұрғындар мен әуесқой балық аулаушылардың айтуы бойынша, XX ғасырдың ортасына дейін көлдегі жануарлары әлемі өте бай болған. Бірақ өнеркәсіптік шаруашылықты жоғары қарқынмен дамыта бастаған уақыттан бері акватория да елеулі өзгерістерге ұшыраған, бұл ақыр соңында біртіндеп экологиялық апатқа әкеп соғуда.

Балқаш – әлемдегі бірегей көл әрі тұран арыстанының мекені

Балқаш көліндегі қалың қамыс арасында жабайы шошқа, қасқыр, түлкі сияқты жануарлар мекендейді. Оларға аңшылық жасауға рұқсат берілген.

Балқаш – әлемдегі бірегей көл әрі тұран арыстанының мекені

Құстар әлеміне келер болсақ, Балқаш – суқұзғын, шүрегей, қырғауыл, бүркіт және ақ тырна сияқты құстардың сүйікті мекені. Құстардың 120 түрінің 12-сі Қызыл кітапқа енгізілген, соның ішінде бұйра және қызғылт бірқазан, қалбағай, сұңқылдақ аққу, ақ сұңқар да бар.

Балқаш – әлемдегі бірегей көл әрі тұран арыстанының мекені

Бір кездері көл жағалауында жолбарыс та мекендеген екен. Бұдан бірнеше жыл бұрын ғалымдар Іле өзені және Балқаш көлі бойындағы аумақты жолбарыстың сирек түрі – тұран жолбарысының популяциясын қалпына келтіру үшін жарамды аумақ деп таныды. Ендеше, жақын арада-ақ Балқаш маңында осы сирек жолбарыстардың пайда болуы әбден мүмкін. Кейбір деректерге сүйенетін болсақ, бұл өңірде сонау 1948 жылы жолбарысқа аңшылық жасаған екен. 

Сиқыршы Балқаш, сұлу қыз немесе кедей қойшы Қаратал

«Балқаш» топониміне тоқталатын болсақ, ресми дәлелденген нұсқалардың біріне сәйкес бұл атау қазақ, татар және алтайдың balkas деген сөзінен шыққан екен. Оның мағынасы – «төмпешікке толы батпақты жер» немесе «батпақтағы төмпешіктер» дегенді білдіреді. Қазақ тілінде сонымен қатар басқа нұсқа бар. «Балқыту, металды балқыту» деген сөзден шығуы мүмкін. «Балқу» сөзінің этимологиясын академик Әлкей Марғұлан бастаған экпедиция деректері де растайды. Балқаш энеолит және ерте қола дәуірінің ежелгі металлургиясының ошағы ретінде «балқу», яғни «жарқылдау», «жану», «жағу», «еру», «еріту» деген мағынаны білдіруі мүмкін.

Балқаш – әлемдегі бірегей көл әрі тұран арыстанының мекені

Көл атауының шығу тегіне байланысты ел аузында сақталған аңыз да бар екен. Сиқыршы Балқаш байдың Іле деген сұлу қызы болыпты. Қызын теңіне қосып, ұясынан ұшыру уақыты келгенде Балқаш бай оны тек ең бай, көрікті және батыл жігітке ғана беретіні жөнінде жар салады. Бағын сынауға келген ер азаматтар арасында қымбат тауарларын артқан керуені бар Қытай императорының екі ұлы, бағалы күмісі пен табын-табын жылқылары бар моңғол ханының ұлдары, сондай-ақ әсем кілемдері мен піл сүйегінен жасалған бұйымдарын тиеп келген жас бұхар көпестері де болған екен-мыс. Осы байлығы құлақ жарған жігіттердің арасында қалыңдықтың өзі ұнататын кедей қойшы Қаратал да болыпты.

Балқаш – әлемдегі бірегей көл әрі тұран арыстанының мекені

Балқаш дайындаған сынақтардың бәрінен сүрінбей өтіп, жеңіске жеткен Қараталды бай қуып жібереді. Алайда, бағынан айрылмауға бел буған Іле Қараталмен бірге қалың түнде ызақор әкесінен қашып кетеді. Қызының бұл қылығы туралы естіген Балқаш бай екі жасқа дуа жасап, екі өзенге айналдырған дейді. Тау басынан бұрқырап ағатын екі өзен қосылмас үшін Балқаш олардың ортасына құлап, бұйра толқынды көлге айналыпты-мыс.

Балқаш – әлемдегі бірегей көл әрі тұран арыстанының мекені

               Балқаштың мысы – әлемдік сапа эталоны

Көл жағалауында ең ірі елді мекен – 80 мың тұрғыны бар Балқаш қаласы орналасқан. Қала көлдің солтүстік жағалауында орын тепкен, оның негізгі кәсіпорыны – Балқаш тау кен-металлургия комбинаты. 1928—1930 жылдары ашылған ірі мыс кен орыны көлдің сол жағындағы Қоңырат және Саяқ сияқты кенттерде игеріледі. Металлургия комбинаты Балқаштың пайда болуына себеп болды. 

Балқаш – әлемдегі бірегей көл әрі тұран арыстанының мекені

Болашақ зауыттағы жұмысшылар кенті   Прибалхашстрой деп аталған. Тез арада, 1937 жылы кент қалаға айналып үлгерді. Мұнда әскери тұтқында болған жапондықтар жергілікті әуежай мен металлургтар мәдени үйін салуға көмектесіп, қаланың гүлденуіне қомақты үлес қосқан. Балқаштың өркендеуінің шыңы – 1967 жыл. Сол кездері Лондонда өткен халықаралық көрмеде Балқаш мысының үлгісін әлемдік сапа эталоны деп таныған.   

Балқаш – әлемдегі бірегей көл әрі тұран арыстанының мекені

Көптеген қала тұрғындары зауытта еңбек етеді. Бұл зауыт осы күнге дейін өндіріс қарқынын бір тоқтатқан емес. Балқаш – нақты қалалық жоспарға сәйкес салынған кеңестік көп қабатты үйлер қаласы. Қаланың орталық бөлігінде ірі мәдени объектілер салынған. Әрбір адамның жаны жай табатын қалалық жағажайда Жас жұбайлар саябағы және фотосуретке түсуді ұнататын жастардың көркем орны – «Мен Балқашты сүйемін» композициясы орын тепкен.

Балқаш – әлемдегі бірегей көл әрі тұран арыстанының мекені

Келер жылы жағажайдың басқа да бөліктерін көркейту жоспарланған. Көлдің бойымен 2,5 км қашықтықта қалалық жағалау салу, жағажайларды көріктендіру, әртүрлі рекреациялық аймақтар, оның ішінде спорттық алаңдар салу жобаланып отыр. Жобаға шағын бизнес субъектілерін дамытуға арналған орындар да енгізілген.

Балқаш – әлемдегі бірегей көл әрі тұран арыстанының мекені

 Әсерлі аңыздар мекені

Балқаш көлінің маңында мемлекетпен қорғалатын және адамдардың келуі үшін ашық археологиялық ескерткіштер көптеп саналады. Ежелгі қорғандар мен тұрақтар байырғы халықтың тұрмысы мен салт-дәстрүрлері туралы мағлұмат береді. Солардың ішінде ерекше қызығушылық тудыратын ескерткіштер: Ақтасты және Қылыш қорғаны, Қарасу қыстауы мен Кең Дара шатқалындағы қорғандар тобы, Дермен және Доңғал қорымдары, Айдаһар үңгірі де бар. XVIII ғасырдағы діни сәулет үлгісі, жерлеу орындарындағы киіз үй тәрізді дөңгелек нысандағы құрылыс Ақ Бекет мазары – туристердің зиярат ететін орнына айналып үлгерген.   

Балқаш – әлемдегі бірегей көл әрі тұран арыстанының мекені

Балқаш көлінің оңтүстігіне қарай Қарамерген қалашығының үйінділері сақталған. Бұл – Іле өзенінің ежелгі сағасындағы егіншілік өркениетіне бағытталған орта ғасырлық ірі қала. Қарамерген қалашығы ЮНЕСКО-ның Қазақстандағы дүниежүзілік мұрасы тізіміне енгізілген. Осы қалашыққа жақын жерде, Бақанас ауылынан солтүстікке қарай 120 километр қашықтықта сол кезден сақталған ескерткіш – Ақтам қалашығы бар.

Балқаш – әлемдегі бірегей көл әрі тұран арыстанының мекені

Ал Балқаштың солтүстік тұсында бірегей түбек орналасқан. Аңыздар бойынша, XIX ғасырда ол Кенесары ханның үзеңгілес досы – Ағыбай батырдың иелігіндегі қыстау болған екен.

Балқаш – әлемдегі бірегей көл әрі тұран арыстанының мекені

Археологтар осы өңірден біздің эрамызға дейінгі V-IV ғасырларға тиесілі 13 сақ қорғанын тапқан.

Балқаш – әлемдегі бірегей көл әрі тұран арыстанының мекені

2014 жылы бұқаралық-ақпарат құралдарында «ежелгі алып балуандар» тарихы туралы деректер жарық көрді. Жергілікті тұрғынның айтуы бойынша, қазіргі Балқаш пен Бектау ата қонысының ауданында бойлары 18 метрге дейін жететін алып балуандар мекендеген-мыс. Көл мен тау алаптарын зерттеген тұрғын сол алыптардың ондаған «іздерін» тапқан.

Балқаш – әлемдегі бірегей көл әрі тұран арыстанының мекені

Кәсіби геологтардың мағлұматына сенсек, бұл «гипотеза» шындықпен жанаспайды. «Іздердің» пайда болуы топырақ эрозиясымен тікелей байланысты болуы мүмкін. Яғни, неғұрлым әлсіз материалдар су мен ауа әсерінен шайылып, бұзылған. Соның салдарынан тастардағы ойықтар – «алып балуан іздері» пайда болған.

Балқаш – әлемдегі бірегей көл әрі тұран арыстанының мекені

 Бектау Ата қонысы – тарихпен үндестік

Бектау Ата қонысы – карантин кезінде демалуға ыңғайлы орындардың бірден бірі. Балқаш көлін жан-жақтан көмкерген Бектау Ата тау сілемі – солтүстік Балқаш маңындағы көздің жауын алатын көркем жерлердің бірі болып табылады. Күн ашық болған кездері биік шатқал мен қоныстың көркем суреті бейнеленген пейзаж жүздеген шақырымға созылады.   

Балқаш – әлемдегі бірегей көл әрі тұран арыстанының мекені

Ашық алаңқай, көрікті пейзаж, серуендеуге арналған ауқымды аудан – карантиндік демалысты өткізу үшін мінсіз орын. Бектау Ата тау сілемі таза ауада серуендеп, әсерлі фотосуреттер жасауды ұнататын адамдардың да, жалпы тірі табиғатты бағалаушылардың да көңілінен шығатыны сөзсіз.

Балқаш – әлемдегі бірегей көл әрі тұран арыстанының мекені

Бектау Ата – Балқаштың солтүстігіне қарай 70 км қашықтықта орналасқан қоныс (таулы мекен). Оның ең жоғары нүктесі – теңіз деңгейінен 1213 м. Көрсең көзің тоймайтын бірегей вулкандық пішіндермен, терек және арша шоқтоғайларымен көмкерілген бірнеше алаптарға бөлінеді. Жауын-шашыннан кейін және қыстан соң тау беткейінде бірнеше шағын көлдер пайда болады. Сонымен қатар осы маңда тырна, шалшықшы сияқты құстар мен сирек кездесетін арқарды, қарақұйрықты көруге болады.   

Балқаш – әлемдегі бірегей көл әрі тұран арыстанының мекені

Бірегей табиғи құбылыстар, әсіресе сайын шөл даладағы Бектау Ата сияқты нағыз шұратты мекендер тек зерттеушілерді ғана емес, қарапайым адамдарды да өзіне баулиды. Адамдар осындай қоныстарды ерекше қасиетті орын ретінде құрметтеп, олар туралы әдемі аңыздар шығарады.

Балқаш – әлемдегі бірегей көл әрі тұран арыстанының мекені

Аңыздардың көбі Бектау Ата тау сілемінің батыс алқабындағы оңтүстік-батыс жартасында орналасқан Әулие тас үңгірімен байланысты. Үңгірге кіру үшін 600 метр биіктікке көтерілу қажет. Оның кіреберісінің биіктігі – 3 метр, бірақ үңгір бойымен одан әрі жылжыған сайын 15 метрлік дәліздің ені бірте-бірте тарыла бастайды. Ең соңында шығар есік салқын тұщы сулы көлмен аяқталады.

Балқаш – әлемдегі бірегей көл әрі тұран арыстанының мекені

Үңгірге жетелейтін жолдың ең басында үшбұрышты нысандағы әйгілі «Қыз әулие» тасы тұр. Осы жерде ағаш бұтақтарына байланған көптеген ақ жіптер мен тиындарды көруге болады. Жартастың төменгі жағында ел аузында «Әулиенің шошаласы» деп аталып кеткен ежелгі құрылыс қалдықтары байқалады. Дәл осы киелі жерге ғасырлар бойы алладан сәби сүюді тілеген әйелдер келіп, зиярат жасаған деседі.

Балқаш – әлемдегі бірегей көл әрі тұран арыстанының мекені

Келесі аңыз Кеңес үкіметі кезіндегі уақыттан бері сақталған: осы үңгірде атақты Амангелді Иманов патша жауынгерлерінен тығылған деседі. Дегенмен, бұл нұсқаның төркіні шындықтан алыс сияқты.

Осы күнге дейін жеткен аңыздардың көпшілігі қасиетті қарттар Бектау Ата мен Беғазыны құтқару тарихымен байланысты. Үңгірдегі таза су қоры олардың аман қалуына септігін тигізген деседі.

Ел аузында сақталған аңыздардың бірі Атабек атымен байланысты. Ол да Әулие үңгірінде жаудан жасырынған кезде жарлыға жар болатын ұлы алланың әмірімен бұлақ көзі ашылған екен.    

Бектау Ата қонысының аумағында оқушыларға арналған «Жас Қанат» жазғы демалыс лагері орналасқан. Биыл оның аумағында күрделі жөндеу жүргізіліп, лагерь маңын көркейту жұмыстары жасалған. Бірақ карантиндік шараларға байланысты қазіргі уақытта лагерь жұмыс істемейді.

Балқаш – әлемдегі бірегей көл әрі тұран арыстанының мекені

Аталған өңірдің табиғаты мен ескерткіштерін тамашалауға жиналатын дүйім жұрт жеке автокөлігімен келіп, оны қалдырып, кейіннен әртүрлі жаққа жаяу серуендейді. Шыңдардың біреуіне шығудың өзі кем дегенде 2 сағат уақыт алады екен.

Балқаш – әлемдегі бірегей көл әрі тұран арыстанының мекені

Осы өңірде демалу ең үнемді нұсқалардың бірі болып табылады. Себебі, мұнда орналасқан демалыс базаларындағы бағалар адам басына шаққанда 1000-2000 теңге ғана. Бұған қоса, жергілікті тұрғындардан дәмді құрт, қымыз бен шұбат сатып алып, денсаулыққа пайдалы өнімдермен тамақтану мүмкіндігі де бар.

Балқаш – әлемдегі бірегей көл әрі тұран арыстанының мекені

 Жазық дала шатыры – Ақсораң шыңы

Ақсораң шыңы Қызыларай тауларында орналасқан қазақ ұсақшоқысының ең жоғары нүктесі болып табылады. Биіктігі 1,5 километрді құрайтын шың басынан жазық дала кереметтері ашылады: осы жерден 100 километрге дейін созылатын елді мекен көрінеді. 

Балқаш – әлемдегі бірегей көл әрі тұран арыстанының мекені

Ел ішінде аталған өңірді «дала шатыры» деп атап кеткен. Жолыңыз болса, алыстан Бектау Ата тауларының кескіндерін де көруге болады. Бұл жерге туристер жиі келмейді. Сондықтан болар, осы жердің көркемдігі – тылсым табиғатында.

Балқаш – әлемдегі бірегей көл әрі тұран арыстанының мекені

Айтпақшы, Қызыларай таулары Қазақстандағы тау ешкілері – арқарлар мекендейтін ең ірі орындардың бірі. Ал гранитті жартастарда өсіп жатқан қарағайлы орман шөлді алқаппен шектесетін Орталық Қазақстан экожүйесіндегі қарағайлардың оңтүстік мекені ретінде ғалымдар арасында үлкен қызығушылық тудыруда.

Балқаш – әлемдегі бірегей көл әрі тұран арыстанының мекені

 Қарлаг – қасіретті тарих беттері

Қазақстан тарихында адам санасына ауыр тиетін қайғылы оқиғаларға көп болған. Солардың бірі – Қарлаг – Қарағандының еңбекпен түзету лагері. 1930 жылдан бастап бас-аяғы 30 жыл ішінде миллионға жуық тұтқындалған зиялылар, соның ішінде атақты ғалымдар, суретшілер, ақындар осында еңбекпен түзетуден өткен. Бұдан 19 жыл бұрын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Қарлагтың орыны – Долинка кентінде Саяси қуғын-сүргін құрбандарын есте сақтау музейі ашылды. Мемориалдық кешеннің бірегейлігі – оның тұрған орнында, бұл – 1933-1935 жылдары мыңдаған тұтқындалған адамдардың күшімен салынған Қарлаг Басқармасының тарихи ғимараты.  

Балқаш – әлемдегі бірегей көл әрі тұран арыстанының мекені

Музей экспозициясы алуан түрлілігімен ерекшеленеді, мұнда 25 зал бар. Олардың әрқайсысы еңбекпен түзету лагерінің тарихы және тұтқындалған адамдардың өмірі туралы егжей-тегжейлі сыр шертеді. Тұтқында болған зиялылардың жеке іс қағаздары, киім-кешектері, заттары, құпиясы ашылған архивтік құжаттар, диорамалар, балауыздан жасалған мүсіндер – бұлардың барлығы музейге ерекше рух береді.

Балқаш – әлемдегі бірегей көл әрі тұран арыстанының мекені

Музейге келушілердің арасында ерекше қобалжу және сол кездегі қиын сәттерді бастан кешіргендей сезім тудыратын нысан – музейдің жертөле қабаты. Мұнда тергеу изоляторының инсталляциясы: карцер, ерлер және әйелдер камералары, тергеуші кабинеті, азаптау камералары орналасқан. Осы жертөле бөлігінде тұтқындардың тұру, оларды тергеу және жеке іс қағаздарын ресімдеу жағдайлары айқын көрсетілген.

Балқаш – әлемдегі бірегей көл әрі тұран арыстанының мекені

Бұған қоса, экспозиция қорларында депортацияланған суретшілер – П. Реченский, Л. Андреюк, Л. Гамбургердің құнды туындылары, 1932-1933 жылдары аштықтан қашып, Моңғолия мен Қытайда жасырынған жергілікті тұрғындардың тұрмыстық заттары, тұтқында отырған әйелдердің қолөнер туындылары, кестелері, сол кездегі музыкалық-сазды аспаптар, жөндеу-механикалық зауытта тұтқындалған азаматтар әзірлеген заттар, депортацияланған ұлт өкілдерінің жеке заттары және басқа да көптеген бірегей экспонаттар жинақталған.

Балқаш – әлемдегі бірегей көл әрі тұран арыстанының мекені

Жыл сайын өткізілетін «Музейдегі бір түн» халықаралық акциясы көптеген экскурсанттарды жинайды. Дәл сол күні, 18 мамырда, түнгі уақытта театрландырылған қойылым элементтері бар экскурсия жүргізіледі. Қарлаг құрбандарының өмірінен қойылған көріністер арқылы экспозиялық залдарға жан біткендей әсер болады.

Музей қорында шамамен 6000 экспонат жинақталған. Солардың ішінде 2000-нан астамы Қарағанды еңбекпен түзету лагері уақытынан бері сақталған түпнұсқа заттар болып табылады.

Балқаш – әлемдегі бірегей көл әрі тұран арыстанының мекені

 Ұлытау – Қазақстан бесігі

Ежелгі мәдениет ескерткіштерінің басым бөлігі сақталған мекен – Ұлытау таулары. Солардың ішіндегі ең танымалы – Алаш хан мавзолейі. 

Балқаш – әлемдегі бірегей көл әрі тұран арыстанының мекені

Ел аузындағы деректерге сүйенсек, мөлшері және көркемдігі бойынша ол Шыңғыс ханның ұлы – Жошы қорымынан да асып түседі екен.

Балқаш – әлемдегі бірегей көл әрі тұран арыстанының мекені

Негізінен, Қазақстандағы тарихи ескерткіштер саны бойынша Түркістан мен Маңғыстаудан кейін үшінші орынға шығатын өңір – Ұлытау ауданы болар.

Шахта-музей

Қазақстанда көмір шахталарының алып жатқан аумағы бойынша Қарағанды облысына тең келетін басқа өңір жоқ шығар. Жұмыс істеп тұрған жерасты шахталарына туристердің, әрине, кіру мүмкіндігі жоқ. 

Балқаш – әлемдегі бірегей көл әрі тұран арыстанының мекені

Дегенмен, шахта-музейге барып, Апақ Байжанов алғашқы көмірді тапқан уақыт – XIX ғасырдың басынан бері жинақталған экспонаттармен танысу мүмкіндігі бар. Қарағанды көмір бассейнінің алғашқы негізін қалаушы ретінде Апақ Байжановты атайды.

Балқаш – әлемдегі бірегей көл әрі тұран арыстанының мекені

Музейді көруге қызығушылық білдірген қонақтарға арнайы киім беріп, жерасты лифттарымен 15 метр тереңдікке түсіреді.

Балқаш – әлемдегі бірегей көл әрі тұран арыстанының мекені

 Балқашқа жету тәсілдері

Балқашқа әртүрлі көлікпен оңтайлы жетудің бірнеше тәсілі бар: халықаралық автобуспен, пойызбен және ең мінсіз әрі тез нұсқа – ұшақпен. Жүйкеңізді тоздырмай, уақыт үнемдегіңіз келсе – соңғы тәсілді таңдағаныңыз жөн болар. Біраз уақыттан бері Балқаш пен Нұр-Сұлтан және Балқаш пен Алматы арасында әуе қатынасы жолға қойылған.

Балқаш – әлемдегі бірегей көл әрі тұран арыстанының мекені

Көптеген туристер арасында ертеден бері сақталып келе жатқан ең тиімді нұсқа – өз автокөлігіңізбен жету. Бұл жерде назар аударарлық жайт: Қарағандыдан Балқашқа дейінгі трассаны салу мәселесінің созылғанына биыл екінші маусым. 

Балқаш – әлемдегі бірегей көл әрі тұран арыстанының мекені

Қиындыққа мойымай, табиғат аясындағы кез келген қозғалыстан ләззат алатын адамдар үшін жеке көлікті таңдау – ең мінсіз тәсіл болып табылады. Бірнеше сағатқа созылатын жол сапары естен кетпес әсер қалдырары сөзсіз.

 Қарағанды өңірі – туристерді еліктірудің үш нүктесі

Тұтастай алғанда, Қарағанды облысында туризмді дамытудың үш нүктесі – Балқаш, Қарқаралы және Ұлытау белгіленген.

Туризм саласын қарқынды дамыту үшін 2019 жылы Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2019 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданған. Осы бағдарламаға сәйкес Балқаш курорттық аймағы Туристендіру картасы объектілері тізбесінің ТОП-10-ына енген ең перспективалы бағыт, ал Қарқаралы және Ұлытау ТОП-50-ге енген басым бағыттар болып саналады.

Балқаш – әлемдегі бірегей көл әрі тұран арыстанының мекені

Облыстық әкімдік ақпараты бойынша, 2019 жылы осы өңірге аяқ басып, демалғандар саны – 181 мыңнан астам турист. Алдағы мақсат – 2025 жылға қарай туристер санын 2 миллионға дейін жеткізу.

Бұл ретте бірқатар инвестициялық жобалар іске асырылуда. Мәселен, Балқаш курорттық аймағында коммерциялық инфрақұрылымды дамыту үшін өткен жылы 315 млн.теңге сомасына 7 жоба жүзеге асырылып, соның нәтижесінде 180 төсек-орынға арналған демалыс орындары салынды.

Бүгінгі таңда 180 төсек-орынға арналған 6 демалыс орны салынып жатыр, оған 1 млрд.теңге сома көзделген.

Балқаш – әлемдегі бірегей көл әрі тұран арыстанының мекені

Сонымен қатар, туристерге барынша қолайлы жағдай жасау үшін ұзындығы 360 километрге созылатын Қарағанды-Балқаш төртжолақты автобаны салынуда (аяқталу мерзімі – 2021 жылға қарай).

2019 жылдың қорытындысы бойынша Ұлытау өңіріне шамамен 38,3 мың турист келіп демалған. 2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда туристер саны 22%-дан астамға ұлғайған.

Балқаш – әлемдегі бірегей көл әрі тұран арыстанының мекені

Тұтастай алғанда, барлық қабылданатын шаралар туристер ағынын одан әрі ұлғайтуға бағытталады. 2025 жылға қарай Ұлытауда демалуға ниет білдірген қонақтар санын 9 есеге арттыру жоспарланады.

Ағымдағы жылы Ұлытау (ертеден Ұлы Қазақ даласының киелі жері болып саналатын) ауданында 3 қонақтар үйін ашу көзделуде.

Балқаш – әлемдегі бірегей көл әрі тұран арыстанының мекені

Сонымен қатар Ұлытау ауданының инфрақұрылымын дамыту мақсатында республикалық бюджет қаражаты есебінен (2546 млн.тг) Визит орталығының құрылысы жүзеге асырылуда. Осы орталықта өңірге келген қонақтар ең танымал орындар, 5 туристік бағыт бойынша («Ұлытау», Жезқазған – Ұлытау (Әулиетау), «Жошы», «Теректі Әулие» кешені, Жезқазған - Қорғасын) саяхат ұйымдастыруды қоса алғанда, толық қызметтер кешенін алу мүмкіндігіне ие болады. Биылғы қыркүйек айында осы орталық ашылады деп күтілуде.

Балқаш – әлемдегі бірегей көл әрі тұран арыстанының мекені

Қарағанды облысында қолданыстағы кәсіпкерлікті дамыту бағдарламалары аясында бизнесті қолдау жүзеге асырылуда. Атап айтсақ, «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы. Аталған бағдарлама шеңберінде кәсіпкер Ахбетов Балқашта демалыс орнын салу үшін 80 млн.теңге сомасына жеңілдікті кредит алған.

Әлемді жайлаған індет салдарынан жалпы дүние жүзі бойынша, соның ішінде біздің елімізде де туризм саласына орасан нұқсан келтірілді.

Балқаш – әлемдегі бірегей көл әрі тұран арыстанының мекені

Осыған орай, елімізде енгізілген карантиндік шаралар аясында демалыс пен саяхаттарға деген сұраныс қалыптаса бастады. Азаматтардың қоятын негізгі талаптары өте қарапайым: қоғамнан алыс жерде демалу және сол өңірде санитариялық қауіпсіздік шараларының сақталуы.   

Балқаш – әлемдегі бірегей көл әрі тұран арыстанының мекені

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауы және мемлекетіміздің аумағында және шекарасында енгізілген карантиндік шаралар ішкі және сыртқы туризмнің дамуына айтарлықтай теріс әсерін тигізді.

Балқаш – әлемдегі бірегей көл әрі тұран арыстанының мекені

Қазіргі уақытта Қарағанды облысы бас санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес санитариялық және дезинфекциялық құралдарды күшейте отырып, демалыс орындары (аймақтары), шипажайлар мен профилакторийлердің (жағажайдың жұмыс істеуін тоқатата отырып) жұмыс істеуіне рұқсат берілді.

Балқаш – әлемдегі бірегей көл әрі тұран арыстанының мекені

Бүгінгі таңда Қарағанды облысы бойынша 250 демалыс орнының (қонай үйлер, демалыс аймақтары, туристік базалар, қонақжай үйі және т.б.) ішінен жартысы, яғни 121 объект дайындық актісін алды.

Балқаш – әлемдегі бірегей көл әрі тұран арыстанының мекені

Кейбір кәсіпкерлердің айтуынша, туризм саласына «коронавирустан» айтарлықтай залал келтірілген, ал басым бөлігі мұның «теріс» жағымен қатар «оң» жақтары да бар деп есептейді. Егер осы пандемиядан болған «оң» жақтарын айтар болсақ: еліміздегі қалалар арасында әуе қатынасының дамуы, бұл Каспий өңірі мен Алакөлде ішкі туризмнің дамуына тың серпін бергені сөзсіз.

Балқаш – әлемдегі бірегей көл әрі тұран арыстанының мекені

Ал «теріс» жақтары – қонақжайлық индустриясы (қонай үйлер, демалыс базалары, қонақжай үйі, отельдер) айтарлықтай қомақты шығынға ұшырады. Бұл ретте осы мәселенің ушығуы Қазақстандағы қонақжайлық индустриясының маусымдық сипатына да байланысты. Сондықтан да келесі жылы көптеген қонақүй шаруашылықтары өз объектілерін жаңартуға айтарлықтай қаражат жұмсай алмайды. Қарағанды облысы Туризм басқармасының болжамы бойынша, бұл өз кезегінде аталған саланың дамуына теріс әсер етуі мүмкін.

Балқаш – әлемдегі бірегей көл әрі тұран арыстанының мекені

Қарағанды облысындағы ішкі туризм ағынын қарастыра отырып, шекаралардың жабылуына байланысты туристер санының төмендегенін емес, керісінше, айтарлықтай ұлғайғанын қуанышпен атап өтуге болады. Туризм басқармасының деректері бойынша, Қазақстан ішінде жұмыс істейтін туристік операторлар да залал шекті деп айта алмаймыз, керісінше, оларда тапсырыс саны артқан. Жазғы уақытта міндетті түрде демалуға үйренген дүйім жұрт осы өңірді жиірек таңдағаны туроператорлардың жұмыс көлемінен байқалып-ақ тұр.

Балқаш – әлемдегі бірегей көл әрі тұран арыстанының мекені

Қалың көпшіліктің пікірінше, біздің өміріміз бұрынғыдай болмайды. Қалай айтсақ та, коронавирус пандемиясы жақын арада аяқталып, «біздің тіршілігіміз бағзы қалпына келеді» деп, болашаққа нық сеніммен қараған дұрыс деп санаймын. Әрбір жағдай, оқиға, құбылыс құндылықтарды қайта қарастырып, өмірге, жақындарыңа, туған жеріңе, табиғатыңа, қоршаған ортаға деген көзқарасты өзгерту үшін келетін сияқты. Олай болса, биылғы індеттен дұрыс қорытынды шығарып, сабақ алып, өзіміз үшін Қазақстанның шексіз қыр-сырларын аша білейік. Көлемі жағынан дүние жүзінде 9-шы орынға жайғасқан, әрі 5 Францияны сыйдыратын Ұлы Отанымыздың кереметтерін бағалай білейік! 

Балқаш – әлемдегі бірегей көл әрі тұран арыстанының мекені

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға