Жаңалықтар

Бактерия тасмалдаушылар күнделікті жанымызда

Күнделікті қолданыстағы құралдарды тазалықта ұстауға арналған кеңестер.
Бактерия тасмалдаушылар күнделікті жанымызда
19.07.2017 09:55 6600

Гигиеналық тазалықты сақтау үшін тек қана қолды жақсылап  жуып жүру аздық етеді. Онымен қоса, айналамыздағы миллиондаған бактерияларды жинап алушы заттардың таза болуын қадағалау керек. Бүгінгі жазбамызда бактерия жинақтаушы күнделікті қолданып жүрген заттар туралы айтамыз.

Смартфон

Смартфон күнделікті қолымыздан тастамай алып жүретін заттардың бірі. Бірақ біз оны қаншалықты жиі тазалап тұрамыз? Ең көбі гаджетіміздің экранын сүртіп қоямыз. Ал негізінде смартфонға стрептококк және сары стафилококк сияқты инфекция таратушы бактериялар да жинақталады. Сондықтан мобильді телефоныңызды арнайы тазалағыш құралдармен тазалап тұрған абзал.

Ыдыс жууға арналған ысқыш

Бұл үйдегі ең лас заттардың бірі саналады. Себебі, тамақтың қалдықтары мен ылғал ысқыш бактерияның көбеюіне ең ыңғайлы орта. Инфекциялардан қорғану үшін ыдыс жуатын ысқышты хлормен тазалап немесе жиі ауыстырып тұру қажет. 

Асхана сүлгісі

Көпшілігіміз ыдыс жуып болғаннан соң қолымызды ыдыс-аяқты сүрткен сүлгімен сүрте саламыз. Алайда, ол ыдыс жуатын ысқыштан еш айырмашылығы жоқ. Ол да бактериялардың көбеюіне қолайлы орта болып табылады. Дұрысы асханаға үлкен сүлгі қойып қою керек. Және оны әр екі күн сайын алмастырып тұрған абзал.

Төсек-орынның тысы

Біз ұйықтауға жатқан кезде үстіміздегі зиянды-зиянсыз бактериялар мен, күні бойы ысылып түскен өлі тері барлығы төсек-орнымызға түседі. Ал ұйықтағанда біз өзімізден жылу бөлу және ыстықтау арқылы бактерия мен саңырауқұлақтардың көбеюіне ыңғайлы орта қалыптастырып береміз. Сондықтан, төсек-орынның тысын аптасына бір рет ауыстырып тұру ұсынылады.

Тіс щеткасына арналған стақан

Әдетте тісімізді жуып болғаннан кейін біз тіс ысқан щеткамызды қайтадан стақанға салып қоямыз, Алайда біз ол стақанды қаншалықты жиі тазалап тұрамыз? Байқап қарасаңыз, ол ыдыс күні бойы дәретхана мен жуыну бөлмесінің барлық бактериялары тұнады, ал біз оған ауызымызға салатын құралымызды салып қоямыз. 

 

Дайындаған: Тарлан ДИАС

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға