Жаңалықтар

"Бағын аштым". Танымал кинорежиссер Баян Мақсатқызын танымал еткенін айтты

"Бағын аштым". Танымал кинорежиссер Баян Мақсатқызын танымал еткенін айтты
Фото: Әлеуметтік желі 19.12.2023 10:00 16908

Танымал кинорежиссер Талғат Теменов "Махаббат бекеті" фильміндегі Гүлназ рөлін сомдаған Баян Мақсатқызының бағын ашқанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның бағын аштым деп сеніммен айта аламын. Қазақта «Бұлақ көрсең, көзің аш» деген сөз бар, - деді ол "ADAL Adam" youtube-арнасына берген сұхбатында.

Сондай-ақ, ел арасында таралған "Талғат Теменов өзінің кейіпкері Гүлназға, яғни Баянға ғашық болмаса, осындай ғажап туынды шықпас еді" деген пікірдің рас-өтірігін сұрады. Бұған режиссер киноның шынайы шығуына сценарий себеп болғанын атап өтті.

Повестті 1977 жылы жаздым. Ол кезде Талдықорғанда театр актері едім. Кітап аз тиражбен шықты. Осыдан 2-3 жыл бұрын түнде бір қыз зар еңіреп хабарласты. «Талғат аға, мен «Гүлназ» повесін оқып, зар еңіреп жылап отырмын. Жанымды қоярға жер таппай отырмын. Мұншама сұлу дүниені қалай жаздыңыз?» деді. Повестте таза махаббат болмаса, кино болмас еді. Киноның негізгі өзегі оның сценарийіне байланысты. Повестің әр әрпінде, әр жолында, әр бетінде төгіліп тұрған сыр болса, мен бекер қалам термемедім деп ойлаймын. Соның арқасында кино да солай болып шықты. Өз басым Баямен сөйлеспегеніме біраз болды. Бүгінгі руханиятта Баян өзінің талантымен, еңбегімен дәлелдеген талантты қыздарының бірі, - деді ол.

Айта кетейік, танымал продюсер Баян Алагөзова әйелдерге бала үшін де, басқа үшін де күйеудің қорлығына шыдауға болмайтынын айтқан еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға