Бағлан Әбдірайымов күтпеген шешім қабылдады
29.03.2025 11:48
Фото:
instagram.com/baglan_abdraimov_official
«Жігіттер» тобының мүшесі Бағлан Әбдірайымов шығармашылық бағытында жаңа қадамға барғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әншінің айтуынша, ол топтан жеке шығып, жеке шығармашылықпен айналысу туралы шешім қабылдаған.
Мен бір шешімге келдім. Хайырлысы сол болды. Бөліну емес, шыңдалу деп ойлау керек. Жеке бір шауып көру керек болып тұр. 22 жыл ажырамай жүр екенбіз, – деп жазды әнші.
Бұл жаңалық желі қолданушылары арасында түрлі пікір тудырды.
Желі қолданушылары «Бөлінбей-ақ, жеке ән айтып жүруге болмай ма?», «Мүмкін, өнерден кететін шығар», «Жігіттермен сөзге келіп қалған сияқты», «Еркінмен бірге болған кездер күшті еді», «Топтың сәні кетеді, көз үйреніп қалған еді», деп өз ойымен бөлісті.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

