Жаңалықтар

Бағдат Мусин емтихан тапсырған ұлы үшін қобалжығанын жеткізді

Бағдат Мусин емтихан тапсырған ұлы үшін қобалжығанын жеткізді
Фото: facebook.com/BagdatMussin 01.05.2023 09:05 1077

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин ұлы Білім инновация лицейіне емтихан тапсырар сәтте қатты қобалжып тұрғанын атады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министр баласының арнайы мектепке қабылдануы үшін емтиханға әйелімен бірге келгенін әлеуметтік желіде жазды. 

Алдияр баламызды өзім білім алған КТЛ-ға оқуға түсу үшін емтиханға әкелдік. Ұзақ жол, белестер, небір шыңдар әлі алда. Бірақ, үлкен жеңістер алғашқы қадамнан басталады. “Баласы бәйгеге шапқанда, ата-анасы тақымын қысады” дегендей, кішкене өзімде де қобалжу бар. Сәттілік тілеймін балам, - деді ол жазбасында

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға