Бағдаршамның қызыл түсі жанғанда есірткі шеккен камераға түсіп қалды
Шымкентте бағдаршамның қызыл түсінде тоқтап тұрған көліктің ішінде есірткі шеккен жігіт ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Toyota Camry көлігінің алдыңғы орындығында отырған жас жігіт бағдаршамға тоқтап, қағаз ақшаны түтікке домалатып, мұрнымен ұнтақ тәрізді затты иіскеген.
ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, ЖБО-ның кезекшілері бұл туралы дереу патрульдік полицияның жақын маңдағы экипажына хабарлады. Тәртіп сақшылары көлікті Назарбеков көшесінің бойында 4 минут ішінде ұстады. Тексеру барысында көліктен марихуана салынған қағаз бума және мефедрон салынған 2 полиэтилен пакеті табылды, - делінген мәліметте.
ҚР ҚК 296-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіліп жатыр.
24 жастағы күдіктіге ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылды.