polisia.kz

Бағалы бұйымдар сатумен заңсыз айналысқан бір топ адам ұсталды

27.02.2023 21:08

Көлік полицейлері бағалы металдардың заңсыз айналымымен айналысқан бір топ адамды ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Көліктегі полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері, Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Қазақстан Республикасының аумағында ұзақ уақыт бағалы металдардың заңсыз айналымымен айналысқан бір топ адамның әрекетін әшкереледі.

ҚР ҚК 295-1 бабы 3-бөлігімен, яғни “Бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының заңсыз айналымы” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жариялауға жатпайды.