Баға ашықтығы: әлеуметтік маңызы бар тауарларға биржалық сауда ережелері енгізілді
25.08.2025 19:12
Фото:
Үкіметтің баспасөз қызметі
Президент қойған міндеттерді жүзеге асыру бағытында тауарларға баға белгілеуді ашық ету үшін қандай шаралар атқарылып жатыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Президент Жолдауында белгіленген міндеттерге сәйкес Үкімет тауар нарықтарында ашық және бәсекелестік жағдайлар туғызу үшін тиісті шаралар қабылдауда. Мәселен, 2024 жылғы желтоқсанда нарықтың ашық жұмыс істеу ережелерін орнату үшін бәсекелестік ортаны дамытуға бағытталған Биржалық сауда туралы заң қабылданды.
«Әлеуметтік маңызы бар биржалық тауар» ұғымы заңнамалық түрде енгізілді, ол энергетикалық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шешуші маңызға ие. Бұл алыпсатарлықты жойып, бағаны ашық белгілеуге және отандық нарықты осы тауарлармен тұрақты қамтамасыз етуге кепілдік береді», - деп атап өтті сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев.
Одан бөлек, әлеуметтік маңызы бар тауарлармен сауданы жүзеге асыруға уәкілетті биржаларды конкурстық іріктеу тетігі енгізілді. Бұл аффилиирленген құрылымдардың құрылуын болдырмайды және қатысушылардың сауда алаңдарына тең қол жеткізе алуына кепілдік береді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

