Бадминтон: қазақстандық спортшылар Бахрейнде жеңіске жетті
26.11.2024 19:42
Фото:
ҚР ҰОК/Сали Сабиров
Қазақстандық спортшылар бадминтоннан Бахрейнде өткен Bahrain International Series II 2024 турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҰОК мәліметінше, 2024 жылғы Bahrain International Series II турнирінде Қазақстанның қос спортшысы Дмитрий Панарин мен Айша Жұмабек аралас жұп категориясында өнер көрсетті.
Финалда қазақстандық жұп Дмитрий Панарин мен Айша Жұмабек үндістандық Кона Тарун және Шри Кришна Прия Кударавалли жұбымен кездесті. Панарин мен Жұмабек 18-21, 21-18, 21-12 есебімен жеңіске жетіп, аралас жұп категориясында алтын медаль жеңіп алды.
Айта кетейік, аталмыш турнирде Дмитрий Панарин жекелей сында 6 кездесу өткізіп, қола медаль жеңіп алған еді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

