Жаңалықтар

«Бабалардың көзіндей қасиетті Домбыра» акциясы

«Бабалардың көзіндей қасиетті Домбыра» акциясы
02.07.2018 02:28 2403

Мемлекет Басшысының 2018 жылғы 12-ші маусымдағы  № 699 Бұйрығымен еліміздің аумағында шілде айының бірінші жексенбісі «Ұлттық домбыра күні» деп бекітілген. Осыған орай 2018 жылғы 1 шілдеде Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы «Бабалардың көзіндей қасиетті Домбыра» акциясын өткізді.

Акцияның мақсаты - домбыраны насихаттау арқылы ұлттық мәдениетті сақтау және жандандыру идеясы бойынша қоғамды одан әрі нығайту.

Акцияға Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғ.Тұрсынбай, «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының» директоры Т.Қасымберкебаев, облыстық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы О.Нұрсейітұлы, облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Н.Баймадиева, облыстық қоғамдық келлісім кеңесі төрағасының орынбасары С.Қарамолдинова, этномәдени бірлестіктер төрағалары және БАҚ өкілдері қатысып, 1-шілде күні алғашқы дүниеге келген сәби Дина Асанова атты қазақ қызына ұлттық домбыра аспабын  тапсырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға