visit dubai

БАӘ жаңа жылдық отшашудан рекорд орнатуды көздеп отыр

Біріккен Араб Әмірліктері биыл да Жаңа жыл мерекесінде дрондар мен фейерверктер шоуынан Гиннестің рекордын жаңартуды көздеп отыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

RAKTDA бас директоры Раки Филлипстің айтуынша, былтырғы Жаңа жылды қарсы алу салтанаты Рас-эль-Хайманың туризм саласындағы жетістіктерінің айқын көрінісі болған.

«Жаңа жылдық шоу кезінде орнатылған екі рекорд — біздің эмираттың инновациялық рухы мен мәдени бірегейлігін көрсетеді», — деді ол.

Рекордтар келесі аталымдар бойынша тіркелді:

Аспанда дрондар арқылы жасалған ең үлкен ағаш бейнесі;

Аспанда дрондар арқылы жасалған ең үлкен теңіз қабыршағы бейнесі.

“Our Story in the Sky” (“Біздің аспандағы тарихымыз”) деп аталатын шоу эмираттың тарихы мен мәдениетіне арналды. Төрт шақырымдық жағалау бойында 1,4 мың дрон, лазер және пиротехникалық құралдардың көмегімен үш бөлімнен тұратын көрініс ұсынылды.

Одан бөлек, кеш соңында қыдырып келушілерге арналған фейерверк әлемдегі ең ауқымды отшашу болды.

Елге турист тарту мақсатында биыл одан да ауқымды шаралар ұйымдастырып, отшашудан өз рекордтары өздері бұзбақ ниетте.