Бақытгүл Хаменованың соты кейінге қалдырылды
04.10.2022 22:06
Фото:
azh.kz
Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың ісі бойынша 3 қазанға белгіленген сот отырысы 13 қазанға шегерілді, деп хабарлайды El.kz.
"Тараптар пікірталасын жалғастыру жоспарланған сот отырысы №2 қалалық сотта өтуі тиіс болатын. Сот отырысы сотқа төрағалық етуші судья Жұмағали Тәшімовтің науқастанып қалуына байланысты кейінге шегерілді", - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, Бақытгүл Хаменова Абай ескерткішін орнататын компаниядан аса ірі көлемде пара алғаны үшін айыпталып, қамауға алынған еді. Оның ісі Атыраудағы №2 қалалық сотта қаралып жатыр.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

