Жаңалықтар

«Бәйтерек» холдингі еншілес ұйымдардың санын қысқартты

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ өз құрылымын оңтайландыру бойынша жұмыс жүргізді
«Бәйтерек» холдингі еншілес ұйымдардың санын қысқартты
Фото: blog.oy-li.ru 27.07.2022 20:43 1703

«Бәйтерек» холдингі еншілес ұйымдардың санын қысқартты, деп хабарлайды El.kz. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ өз құрылымын оңтайландыру бойынша жұмыс жүргізді.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ ағымдағы жылдың 25 шілдесінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ (ҚАҚ) акцияларының 100%-ын «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ға (АНК) берді. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес компанияларының жалпы саны 7-ге дейін қысқартылды.

ҚАҚ АНК-нің еншілес компаниясына айналып, ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын лизингке беру бойынша өзінің негізгі қызметін жалғастырады. Жүргізілген ұйымдастырушылық өзгерістер ҚАҚ-тың қазіргі клиенттеріне әсер етпейді және іске асырылатын лизингтік бағдарламалардың шарттарына әсер етпейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға