Жаңалықтар

Бұқтырма су қоймасында жолаушылар кемесі батып кетті

Кемеден 24 адам құтқарылды
Бұқтырма су қоймасында жолаушылар кемесі батып кетті
Фото: sn.kz 18.07.2022 11:20 1544

Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма су қоймасында батып бара жатқан кемеден 24 адам құтқарылды, деп хабарлайды El.kz ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 17 шілдеде сағат 19:00 шамасында Ұлан ауданындағы Бұқтырма су қоймасының бойындағы «Аюда» демалыс базасынан үш шақырым жерде болған.

Жолаушылар тасымалдайтын кеме қатты желдің салдарынан суға бата бастады. Кеме «Садко» демалыс базасынан «Аюда» базасына қарай жүріп келе жатқан.

«Бортта 24 адам (21 жолаушы және 3 экипаж мүшесі) болған. Жел жылдамдығы секундына 20 метрге жетті, - делінген ақпаратта.

Адамдарды құтқару үшін капитан бастаған команда мүшелері қайыққа тез арада құтқару салын орналастырды. 21 жолаушы, оның ішінде 9 бала аман-есен Аюда базасына жеткізілді. Барлық азаматтардың жағдайы қанағаттанарлық, оларға медициналық көмек қажет емес.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға