Бәріміз де медаль күттік – Елсияр Қанағатов
15.02.2022 15:18
Бұл туралы Қазақстан ҰОК спорт дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов Бейжіңде өтіп жатқан Олимпиада ойындарына арналған баспасөз мәслихатында хабарлады.
Сондай-ақ ол шорт-тректен ел намысын қорғаған Абзал Әжіғалиевтің сайыста көрсеткен нәтижесін бағалады.
Абзал Әжіғалиевке келер болсақ, 4-орын деген қиын орын екенін өздеріңіз білесіздер. Медальға сәл ғана жетпей қалды. Бірақ үлкен жетістік деп білеміз. Елімізде шорт-тректің алға жылжуы байқалады. Салыстырмалы түрде сараптама жасасақ, мысалы, қазіргі көрсеткен нәтижелерінің ішінде 4, 5, 8-орындар бар. Әрине, жанкүйерлердің медаль күтті. Бәріміз де күттік, жанкүйер болдық, - деді Елсияр Қанағатов.
Еске сала кетейік, Ақ Олимпиадада шорт-тректен 500 метрге жүгіруден ерлер арасында Абзал Әжіғалиев те бақ сынасқан еді. Финалдық сында Абзал мәре сызығын төртінші болып кесті.
baq.kz
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

