Жаңалықтар

БҚО СОТЫ, КӘСІПКЕРЛЕР МЕН МЕДИАТОРЛАР ДАУДЫ СОТҚА ДЕЙІН РЕТТЕУ ИНСТИТУТЫН ДАМЫТУ ТУРАЛЫ КЕЛІСТІ

БҚО СОТЫ, КӘСІПКЕРЛЕР МЕН МЕДИАТОРЛАР ДАУДЫ СОТҚА ДЕЙІН РЕТТЕУ ИНСТИТУТЫН ДАМЫТУ ТУРАЛЫ КЕЛІСТІ
13.03.2019 12:12 2337

Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясының Достық үйінде «Медиация – жеңіске жету жолы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оның нәтижесінде БҚО Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты, Кәсіпкерлер Палатасы және БҚО Медиаторлар одағы  арасындағы өзара ынтымақтастық туралы үш жақты меморандумға қол қойылды.

Тараптар жанжалдарды шешудің баламалы әдісі, құқықтық дауларды және медиацияны сотқа дейінгі реттеу институттарын тарату және белсенді пайдалану саласындағы өзара мүдделілік танытты.

Меморандумның мақсаты - қоғамда жанжалдардың деңгейін төмендетуге көмектесетін медиация институтын қоса алғанда, дауларды сотқа дейінгі реттеу институтын жан-жақты дамыту және табысты жүзеге асыру саласындағы ынтымақтастық шеңберінде бірлескен іс-шараларды өткізу.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға