Жаңалықтар

БҚО әкімі: Біздің жастар өте талантты

БҚО әкімі: Біздің жастар өте талантты
19.10.2018 12:38 2006

Орал қаласындағы Достық үйінде облыс әкімі Алтай Көлгіновтың төрағалығымен БҚО Қазақстан халқы ассамблеясы кеңесінің отырысы өтті.

Отырыста Батыс Қазақстан облысы (БҚО) ҚХА төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғайса Қапақов облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің және құрылымдық бөлімшелерінің құрамына өзгерістер енгізу туралы баяндады.

Бұдан кейін БҚО ҚХА этномәдени бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссияның құрамы бекітілді.

Орал қаласының әкімі Мұрат Рахметұлы 2018 жылға арналған БҚО ҚХА мен Кеңесі туралы шешімдерді іске асыру барысы туралы айтып берді.

2019 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік жобаларды бекіту туралы БҚО әкімі аппаратының «Коғамдык келесім» КММ басшысы Медхат Мұсаұлы баяндады.

Келесі жылға арналған  бюджетті қалыптастыру туралы облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ төрағасының орынбасары Айгүл Салахатдинова баяндап берді.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында 2019 жыл Жастар жылы деп жариялады, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының төрағасы Владимир Шек жастар Жылын өткізуге арналған негізгі іс-шаралары туралы баяндады.

«Біздің жастар өте талантты. Ұрпақтар мен дәстүрлер сабақтастығы әрқашан да сақталуы керек, сондықтан біз жастарымыздың өз білімін одан әрі арттырғанын  қалаймыз. Мұның барлығы ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің дамуы үшін маңызды. Қоғамның әр мүшесі өз елінің азаматы ретінде бейбітшілікті, Қазақстанның тәуелсіздігі мен тұрақтылықтылығын  нығайтуға өз үлесін қосуы қажет», – деді облыс әкімі.

Отырыс соңында облыс әкімі қатысушыларды  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауы бойынша атқарылуы тиіс шаралармен хабардар етті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға