Жаңалықтар

Бүлдіршіндерді алдап 2 млн теңгенің әшейкейлерін алып кеткен әйел ұсталды

Алаяқтың айла-амалына 16 жасар қыз бала алданып, оған 500 мың теңге тұратын алтын берген.
Бүлдіршіндерді алдап 2 млн теңгенің әшейкейлерін алып кеткен әйел ұсталды
Фото: ашық дереккөзден 11.09.2022 00:16 1045

Сарыарқа ауданы полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары кешенін жүргізу барысында бірқатар алаяқтық жасағаны үшін 34 жастағы әйелді ұстады, деп хабарлайды EL.KZ қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда күдікті кәмелетке толмаған балаларға жақындап, өзін емші ретінде таныстырған және олардың ата-аналарының, жақын туыстарының дуалаған қарғыстарын шешіп беремін деген сылтаумен үйден зергерлік бұйымдарды алып шығуларын сұрағаны анықталды. Осылайша әйел, үйлеріндегі алтын дуаланғанын және бақытсыздық әкелуі мүмкін дегенді айтып, балаларды алдап кеткен. Алаяқтың айла-амалына 16 жасар қыз бала алданып, оған 500 мың теңге тұратын алтын берген. Келесі бір жағдайда, алаяқ жағалауда 13 жасар қыздан бір жарым миллион теңге сомасына алтын бұйымды иемденіп кеткен, - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚР ҚК 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұрын әйелдің алаяқтық жасағаны үшін сотталғаны анықталды. Ол Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға