Жаңалықтар

Бүкіләлемдік фото күніне – 177 жыл

Фотосурет туралы топ дерек...
19.08.2016 06:59 6026

«Фотосуретті түсірмейсіз,

сіз оны өмірге әкелесіз» © Ansel Easton Adams

 Бүкіләлемдік фото күніне – 177 жыл

Фотосурет – бақыттың, қуаныштың, той-томалақтың, туған күндердің жарқын бейнесі. Әркім өзінің қасқағым сәттерінің ең бір керемет сәтін фотомен таңбалауға құмар. Дегенмен ең қымбат фотоаппаратты сатып ала салып небір таңғажайыпқа толы фотосуреттерді өмірге әкелемін деу бекершілік. Кәнігі кәсіби фотографтардың айтуынша, «жүрегіңіз бен басыңыз кемер идеяларға толы болуы керек». Бүгін бүкіләлемдік фото күні, атаулы мерекеге 177 жыл толып отыр. Ендеше фотосурет туралы топ дерек ұсынамыз.

  • Бүкіл әлемдік фото күні Француз үкіметі дагерротипке патент сатып алған 1839 жылдың 19 тамызынан бастап тойланып келеді.

  • Дагерротип 1837 жылы ойлап табылған алғашқы фотографиялық процесс.

  • Алғашқы фотография суреттері 1826 жылдары гелиография атты күрделі процесс арқылы түсірілетін.

  • Мобилді телефондардың дижитал камераларының арқасында әлемде жылына шамамен 350 млрд фотосурет түсіріледі.

 Бүкіләлемдік фото күніне – 177 жыл

  • Facebook әлеуметтік желісіне 250 миллиардқа жуық фотосурет жүктелген.

  • Ұлыбритания ханшайымы Виктория мен күйеуі ханзада Альберттің (XIX ғасыр) фото түсіру ісіне әуес болғаны сонша, олардың арнайы фото зертханасы Виндзор қамалында орналасты.

 Бүкіләлемдік фото күніне – 177 жыл

  • Айдың алғашқы фотосы 1851 жылы түсірілген. Ал келесі қараңғы бетін арада бір ғасырдан астам уақыт өткенде, яғни 1959 жылы ғана суретке түсіруге мүмкін болды.

 Бүкіләлемдік фото күніне – 177 жыл

  • «Фотограф» сөзін алғашқылардың бірі болып 1839 жылы астроном Жон Гершель қолданған.

  • Шартты түрде қысқартылған «фото» сөзін алғашқылардың бірі болып Ұлыбритания ханшайымы Виктория 1860 жылы жазған хатында пайдаланған.


Дайындаған Ая ӨМІРТАЙ

Дереккөз: express.co.uk 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға