Бүгін жарысқа кімдер шығады?
11.02.2022 10:35
1680
11 ақпан, жұма күні Бейжіңдегі Ақ Олимпиада ойындарында Қазақстанның намысын сегіз спортшы қорғайтын болады, деп хабарлайды Sports.kz.
Қазақстандық спортшылардың өнер көрсету кестесі:
13:00 - шаңғы жарысы. Ерлер. Классикалық стиль жарысы. 15 км.
Спортшылар: Евгений Величко, Виталий Пухкало.
15:00 - биатлон. Әйелдер. Спринт. 7,5 км.
Спортшылар: Галина Вишневская-Шепоренко.
17:00 - Шаңғымен трамплиннен секіру. Ерлер. Үлкен трамплин. Біліктілік.
Спортшылар: Сергей Ткаченко, Данил Васильев.
17:18-шорт-трек. Ерлер. 500 м.
Спортшылар: Әділ Ғалиахметов, Денис Никиша, Абзал Әжғалиев.
Айта кетсек, 2022 жылғы Бейжің Олимпиадасына Қазақстанның намысын 34 спортшы қорғауға аттанды.
baq.kz
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Щучинскте жеке үй ауласындағы моншада өрт шықты