Жаңалықтар

Бүгін мемлекеттік қызметкерлер күні

2013 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының кәсіби және өзге де мерекелері туралы» Жарлығына өзгертулер енгізіп, 23 маусымды Мемлекеттік қызметкерлер күні етіп жариялады.
23.06.2015 05:16 8016

2013 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының кәсіби және өзге де мерекелері туралы» Жарлығына өзгертулер енгізіп, 23 маусымды Мемлекеттік қызметкерлер күні етіп жариялады.

Бүгін мемлекеттік қызметкерлер күні

Сонымен қатар, Елбасы Жарлығымен «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісі енгізілді. Онымен кемінде 15 жыл еңбек өтілі бар және мемлекеттік қызметтің дамуына едәуір үлес қосқан мемлекеттік қызметкерлер марапатталады.

2015 жылдың 1 қаңтарына мемлекеттік қызметкерлер  саны 99 318 бірлікті құрады (саяси – 406, «А» корпусы – 513, «Б» корпусы – 98 399). Атап өтерлік жайт, біздің елімізде мемлекеттік қызметшіге мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттерді жүзеге асыратын адам жатады. Дәрігерлер, мектеп мұғалімдері және өзге де мемлекеттік секторда жұмыс істейтіндер мемлекеттік қызметкер болып саналмайды.  

Алайда кей елдерде мемлекеттік секторда жұмыс істейтін барлық жұмысшылар мемлекеттік қызметкерлер саналады. Мәселен, Францияда полиция және денсаулық сақтау жүйесіндегі еңбек ететіндер мемлекеттік қызметкер тізіміне кіреді.

Қазақстанда бір мемлекеттік қызметкерге 171,6 азаматтан келеді екен. Ал Австралия, Финляндия, Ирландия, Нидерланды, Ұлыбритания, Канада, Франция, Жаңа Зеландия, АҚШ секілді елдерде 1 мемлекеттік қызметкерге 116 адамнан келеді. Осыдан-ақ, біздегі мемлекеттік қызметкерлердің жұмысы өзге елдермен салыстырғанда ауыр екендігін білдіреді. Бұл мемлекеттік қызметкерлерге құрметпен қарауға маңызды себептердің бірі.  

Мемлекеттік қызметкерлер күні құтты болсын!


Дәурен Омаров

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға