Бүгінгі күннің валюта бағамы
Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 475 - 481 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды El.kz.
Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 475 - 479,5 теңгеден сатылып жатыр.
Ал, Алматыда доллар бағамы 477 - 481 теңге аралығында құбылып тұр.
13 қазан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,13 теңгеге қымбаттап, 479,05 теңге болған.
Ұлттық банктің 14 қазандағы ресми бағамы – 1 долларға 479,32 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 0,08 теңгеге арзандап, 7,57 теңге болды.
Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 7 - 7,35 теңге аралығында саудаланып жатыр.