Жаңалықтар

Бүгін – Дүниежүзілік тұтынушылардың құқығын қорғау күні

Марапат
15.03.2016 05:58 5925

15 наурыз – Дүниежүзілік тұтынушылардың құқығын қорғау күні. Осыған орай Астана қаласының әкімдігінде елордалық қызмет көрсету саласының үздік мамандары марапатталды. 

Кездесу барысында «Әділет» тұтынушылар құқығын қорғау қоғамының төрағасы Қабыкен Закарьянов қозғалыстың соңғы жылдары атқарған жұмыстарының қорытындысын шығарып, астаналықтардың пікірінше үздік деп танылған дәрігерлерді, кондукторларды, көлік қызметкерлерін, слесарь және т.б. маман иелерін марапаттады.

Бүгін – Дүниежүзілік тұтынушылардың құқығын қорғау күні

– Біз тұтынушылардың құқықтарын қорғап, үлкен іс атқарамыз, адамдардың алғысы – біз үшін ең жоғары марапат. 1991 жылы КСРО-да Тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі қоғамдық қозғалыс құрылды, ал ыдырағаннан кейін біз Қазақстанда алғаш рет «Әділет» қоғамдық қозғалысын ұйымдастырдық, ол 23 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы уақыттың ішінде біз тұтынушылардың нағыз құқық қорғаушыларына айналдық, елордада түрлі мәселелер бойынша 100 мыңнан астам адамға көмек көрсеттік, – деді К. Закарьянов.

Бүгін – Дүниежүзілік тұтынушылардың құқығын қорғау күні 

Оның айтуынша, соңғы жылы көмек сұраған азаматтар саны айтарлықтай азайды. 2014 жылы шағым білдіргендер саны 4 мыңнан асса, өткен жылы 2 мыңға жуық болған. Бұл ретте бұзушылықтар санының азаймағанын айта кеткеніміз жөн. Халықтың сауаттылығы артып, адамдардың көбі өз құқықтарын біледі, көп жағдайда мәселелер сол жерде шешіледі.

 Бүгін – Дүниежүзілік тұтынушылардың құқығын қорғау күні

Жыл сайын кәсіпқойлар азаматтардың оң пікірлерінің нәтижесінда іріктеледі.Кездесу соңында ең үздік мамандар марапатталды. Белсенділер арасында дәрігерлер, автобус жүргізушілері, кондукторлар, кәсіпкерлер, слесарьлар бар. Сонымен қатар ең үлгілі кәсіпорындар – ауруханалар, ПИК және т.б. марапаттарға ие болды.

Атаулы күннің тарихы:

Дүниежүзілік тұтынушылардың құқығын қорғау күні АҚШ-тың бұрынғы президенті Джон Кеннедидің 1961 жылы 15 наурызда Конгресте тұтынушылардың құқы жайында сөйлеген сөзімен байланысты аталып өтеді. Сол кезде АҚШ президенті тұтынушыларға адамдардың барлығының жататындығын айтып, тұтынушыларда ақпарат алу, қауіпсіздік, таңдау және хабардар болу құқықтарының болатындығын атап өткен еді. Кейіннен дүниежүзілік тұтынушылар құқығын қорғайтын ұйымдар бұл сөздерді өз манифестеріне айналдырып, біртіндеп тұтынушылар құқығы сегізге жетеді. Ал Қазақстан тұтынушылар лигасы дүниежүзінде қабылданған бұл сегіз құқықтың қазақстандық тұтынушыларға да тарайтындығын жеткізді.

Алматыда тіркелген Қазақстан тұтынушылары ұлттық лигасының Астана, Ақтөбе, Атырау қалаларында бөлімшелері бар. Ал әлем елдерінің құқығын қорғайтын, коммерциялық, әрі саяси емес Дүниежүзілік тұтынушылар одағының орталығы Нидерландыда орналасқан. 


Әзірлеген Тұмар АСЫЛ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға