Жаңалықтар

Бүгін елордада Атырау мен БҚО-ның жәрмеңкесі өтеді

Екі өңір Астанаға 220 тонна өнім әкелді.
Бүгін елордада Атырау мен БҚО-ның жәрмеңкесі өтеді
Фото: ашық дереккөзден 24.09.2022 08:51 951

24 және 25 қыркүйекте елордада өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынады, деп хабарлайды EL.KZ қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Екі өңір Астанаға 220 тонна өнім әкелді.

Демалыс күндері өтетін жәрмеңкеде екі облыс 47-ден астам тауар түрін ұсынады. Аграршылар 220 тонна өнім тасымалдайды, оның ішінде: 90 тоннадан астам сиыр еті мен жылқы еті, 44 тонна балық, 17 тонна ұн мен макарон өнімдері, 15 тонна көкөніс, 10 тонна картоп, 10 тонна шұжық және консерві өнімдерінің түрлері, 5 тонна өсімдік майы, 5 тонна сүт өнімдері, 2 тонна жемістер мен жидектер, 36 мың дана жұмыртқа, сондай-ақ 21,7 тонна басқа да өнімдер бар.

Жәрмеңке қонақтары үшін концерттік бағдарлама дайындалды.

Айта кетсек, мұндай іс-шаралар ауыл шаруашылығы өндірушілеріне өз өнімдерін тікелей тұтынушыларға делдалсыз сатуға мүмкіндік береді, нәтижесінде мұндағы тауарлардың бағасы нарықтық бағадан 10-20%-ға төмен болады.

Жәрмеңкелер әр сенбі және жексенбіде 13 қарашаға дейін өтеді. Өтетін орны: Тұран 48 мекенжайы бойынша орналасқан «Астана-Арена» стадионының жанындағы алаң.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға