Жаңалықтар

БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы Қазақстанға ресми сапармен келеді

Сапар барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездеседі
БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы Қазақстанға ресми сапармен келеді
Фото: mk-kz.kz 10.08.2022 15:10 878

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы 76-сессиясының төрағасы Абдулла Шахид 11-12 тамыз аралығында Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды El.kz Қазақстандағы БҰҰ кеңсесі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сапар барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Сыртқы істер министрлігінің басшылығы, ҚР Парламенті Сенатының басшылығы, азаматтық қоғам ұйымдары, сондай-ақ БҰҰ-ның Қазақстандағы елдік тобымен кездесулер жоспарланған. 

Абдулла Шахид Мальдив Республикасының үкіметі мен заң шығарушы органдарында ұзақ жұмыс істеген көрнекті саясаткер және білікті дипломат ретінде кеңінен танымал.

Гендерлік теңдіктің қайратты жақтаушысы өз елінің дипломатиялық миссияларының басшылары, сондай-ақ сыртқы қызмет қызметкерлерінің арасында алғаш рет гендерлік теңдікке қол жеткізген.

Жалғасып жатқан COVID-19 пандемиясының тұсында Абдулла Шахид халықаралық аренада алғашқылардың бірі болып сөйлеп, жаһандық денсаулық дағдарысының шағын аралдық дамушы мемлекеттердің экономикасы мен қоғамдарына жойқын әсерін атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға