Жаңалықтар

«Азық-түлік корпорациясы ҰК» қаржы департаментінің директоры мен бас маманы сотталды

«Азық-түлік корпорациясы ҰК» қаржы департаментінің директоры мен бас маманы сотталды
Фото: t.me/antikornews 16.05.2024 10:15 661

«Азық-түлік корпорациясы ҰК» АҚ қаржы департаментінің директоры мен бас маманы сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен «Азық-түлік корпорациясы ҰК» АҚ қаржы департаментінің директоры Н.Г. Жұмаділов және бас маманы Г.Ж. Әбенов сотталды.

Олар кәсіпкерден құжаттарды жинау бойынша бұрын көрсеткен қызметтері үшін, сондай-ақ астық түрінде тауарлық несие беру туралы шартқа қол қоюға көмектескені үшін пара алды деп күдіктенді.

Сотталғандарға қатысты сот шешімімен мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, жалпы сомасы 48 млн теңге айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

Қала прокуратурасы үкімді бас бостандығынан айыру жазасына өзгерту бойынша апелляциялық өтініш енгізді.

ҚР ҚК 41-бабына сәйкес айыппұл белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда жаза шарасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға