Азық-түлік корпорациясы фермерлерден 1,2 млн тонна астық сатып алады
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com
19.11.2024 10:45
294
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Үкімет отырысында биыл алынған өнімнің сақталуын қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол қазіргі уақытта лицензияланған элеваторлардың жүктемесі 43%-ды құрайды деп хабарлады. Элеваторлардың қызметі тәулік бойы жұмыс істеуге ауыстырылды. Астық қабылдау кәсіпорындарына барлығы 7,2 млн тонна астық, оның ішінде 5,2 млн тонна бидай түсті.
Жиналған астықтың қалған көлемі фермерлерде сақталуда. Биыл форвардтық келісімшарттар бойынша, сондай-ақ өткен жылғы ұзартуларды ескере отырып, Азық-түлік корпорациясы 1,2 млн тонна астық сатып алатын болады. Қазіргі уақытта 550 мың тонна немесе 46% астық сатып алынды, — деп атап өтті Азат Сұлтанов.
Вице-министр Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында жаңа өнімнің астығын тікелей сатып алу жүзеге асырылатынын айтты. Үкіметтің резервінен 10 млрд теңге көлемінде қаражат бөлу есебінен бірінші кезеңде нарықтық құны бойынша 150 мың тонна өнім сатып алу ұсынылады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Келесі жылы қазақстандықтар декларация тапсырмайды
Келесі жаңалық
Алматыда қоғамдық көліктер безендірілді