GOV.kz

Азық-түлік бағасын негізсіз қымбаттатқан саудагерлер жазаланды

Шығыс Қазақстан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын заңсыз көтерген 30 шақты кәсіпкер әкімшілік тәртіпте жауапқа тартылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Облыстың сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау басқармасының хабарлауынша, әлеуметтік маңызды өнімдерге баға бақылауы күшейтілген.

Биылғы жылдың басынан бері саудагерлер тарапынан 155 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелген. Оның 77-сі әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын негізсіз көтеруге қатысты. Тексеру нәтижесінде 50 кәсіпкерге ескерту жасалып, 27-сіне айыппұл салынды, - деп хабарлады ведомство.

Бағаның шарықтауына жол бермеу үшін облыс аумағында 125 мониторингтік топ жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар, тұрғындар үшін 425 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылып, өнімдер қолжетімді бағамен сатылған. 27 сауда нүктесінде тұрақтандыру қорының тауарлары төмендетілген бағада ұсынылған: күріш - 423 теңге/кг, қарақұмық - 177 теңге/кг, күнбағыс майы - 06 теңге/л, қант - 424 теңге/кг, рожки - 299 теңге/кг.