Жаңалықтар

Азық-түлік бағасын негізсіз көтергендерге қандай шара қолданылады?

Азық-түлік бағасын негізсіз көтергендерге қандай шара қолданылады?
Фото: Үкімет 15.10.2024 14:42 511

Бүгінде базарлар мен әлеуметтік дүкендерде қажетті азық-түлік бағасы шарықтап тұр. БАҚ өкілдері азық-түлік бағасын негізсіз көтерген кәсіпкерлерге қандай шара барын және оларға қатысты заңның бар-жоғын сұрады, хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов биыл қыркүйек айында инфляция 8,3%-ға дейін баяулағанын, әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өсуін тежеу Үкіметтің басым міндеті екенін айтты.

Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров азық-түлік бағасын бақылауға қатысты әр азықтың артынан жүріп, бақылау мүмкін емес. Бұл жерде жүйелі шаралар қабылдау керегін айтты.

Біз қазіргі уақытта жаңа форматта сауда орталықтарын құруға жеңілдетілген несие бөлуді бастадық. Биылғы жылғы бюджетіміз – 100 миллиард теңге. Келесі жылы да бұл саннан аз болмайды. Негізі мақсатымыз кәсіпкерлерді ынталандырып, жаңа бағытта сауда орталықтарын салып, сауда жасайтын азаматтардың барлығын кассалық аппарат арқылы жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Өздерінің бизнестерін ашық түрде жүргізсе, сол кезде біздің тараптан бақылауда күшейтуге мүмкіндігіміз болады, – деді министр.

Сондай-ақ министр бұл үлкен жұмыс екенін және бағаға дейін біраз жұмыстар болу керегін айтты.

Ол логистика, сатып алу мәселесі және көтерме нарығындағы бағалар, мұның бәрін ретке келтіру қажет. Ал біздің комитеттің міндеті – табиғи монополиялармен жұмыс істеу. Соларды бақылап, қадағалайды. Ал шағын бизнестер болса, олардың артынан жүріп қадағалайтындай бізде ондай өкілеттік жоқ. Бұл комитеттің жұмысына кірмейді. Ал бұл жұмыстарды жергілікті атқару органдары жүргізуі тиіс, – деді ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға