Жаңалықтар

Азық-түліктік тәуелділік немесе тамақ өнеркәсібінің «үш алыбы»

Азық-түліктік тәуелділік немесе тамақ өнеркәсібінің «үш алыбы»
21.09.2015 10:53 6515

Азық-түліктік тәуелділік немесе тамақ өнеркәсібінің «үш алыбы»

Заманауи өмір өзінің талаптарын қояды. Үдетілген өмір ырғағы күйзелістерге және уақыттың жетіспеуіне апарады. Күйзелісті көбінесе, түрлі снектермен басамыз (печенье, чипсі, қытырлақтар, кәмпиттер, т.б.), тамақ әзірлеуге уақыт болмаса, дүкендер мен аспаздықтарда кеңінен ұсынылатын жартылай фабрикаттар «құтқарады».
Белгілі тағам өнімдері майлар мен қанттың (жылдам көмірсулар) жоғары мөлшерімен, бірақ, талшықтың, дәрумендер мен минералдардың аз мөлшерімен ерекшеленеді, сондай-ақ, азық-түлік кампанияларының маркетингтік тәсілдері ынталандыратын мол үлесті тамақтану заманауи адамның энергияны артық мөлшерде тұтынуына көп жағдай жасайды.
Майлардың және жылдам көмірсулардың мөлшері жоғары болатын өнімдер ең арзан, қол жетімді және жоғары калориялы санатқа жатады. 
Азық-түлік бизнесі «үш алыптың» иығында орналасқан: қант, май, тұз. Оларды тамақ өнеркәсібінің барлық дерлік өнімдеріне қосады (тұздыларға – тұзды, тәттілерге – қантты көбірек), бұл олардың дәмін аса тартымды етіп, сатып алушыларды қайтадан сатып алуына итермелейді. Неге бұлай болады? Өсімдік теріп, аң аулауды кәсіп еткен ежелгі заманда адамға азығын табу күрделі болды, адамның миы дәмдік рецепторлар арқылы өзіне өмір үшін энергия: глюкоза мен майды беретін, сондай-ақ, организмде ылғалды сақтауға ықпал ететін (тұз) тағам өнімдерін тануға үйренген. Майлы тәтті немесе тұзды тағам осы талаптарға толығымен жауап береді. Осындай тағам ауызға түскенде мидағы қанағаттану орталықтары қозады. Алайда, уақыт өзгеріп, тағам жеңіл қол жетімді болды, бірақ, табиғи сезімдер сол күйінде қалды. Снектер мен басқа тазартылған жасанды өнімдерді өндірушілер өз бизнесін осы әсерге негіздейді. Егер бұл сезім бұрын адамзаттың тірі қалуына көмектессе, қазіргі таңда керісінше, зиянын тигізуде.
Табиғи өңделмеген өнімдерді тұтынуда тез тойыну орын алатындығын байқадыңыз ба? Мысалы, тазартылған күріш пен сыртқы қабығы мен дәні сақталған, демек, дәрумендер, минералдар, талшық мөлшері көп болатын қоңыр күрішті жеп көріңіз. Тазартылған ақ күрішті (қабығы мен дәні жоқ, демек, дәрумендер, минералдар, талшық массы жоқ) жей бергің келеді, ал қоңыр күріштен тез тоясың. Осы жағдайды кез келген табиғи/өңделген өнім жұбынан (тұтас дәнді ботқа / ақ батон нан және т.б.) байқауға болады.
Бүгінде бұрын пайдалы болған өнімдердің өзіне мол көлемде қант пен тұз қосады, осылайша, олардың пайдасы жойылады (мармелад, попкорн,т.б.).
Тазартылған өнімдердің өндірісі арзанға түседі, ал тұтынушылардың оларды тұтынуға деген ұдайы тілегі өндірушілерге сұраныс пен мол пайданы қамтамасыз етеді. Мұндай өндірістің негізгі құрамбөліктері – жапсырмасында көрінетіндей, қант/тұз, жоғары сұрыпты ұн және маргарин (транс-майлар), яғни, жылдам көмірсулар және денсаулыққа зиянды майлар. Химия өндірісі бұл істе көп көмектеседі: өнімге кез келген дәм, түс, иіс пен қоюлық береді.

Осыдан қандай тұжырым жасауға болады? Қорытынды біреу: тұтас, табиғи, өңделмеген өнімдерді тұтынуға көшу қажет: қарапайым, жеңіл сіңетін көмірсуларды (қант, ұн өнімдері, т.б.) - күрделі түріне (жармалар, крахмалды көкөністер мен жемістер, т.б.), транс-майларды және тазартылған майларды - тазартылмаған түріне, шұжықтарды/сосискілерді/консервілерді - балғын етке/құс етіне/балыққа т.б. алмастыру қажет. Салауатты тағам тәбетті реттейді, яғни, артық жеуді болдырмайды, денсаулықты нығайтып, сымбатты сақтайды.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға