Азия ойындары: Қазақстандық жағажай волейболшылары жартылай финалына шықты
25.10.2025 19:39
Фото:
ҰОК баспасөз қызметі
Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында Қазақстан ұлдар және қыздар құрамасы жағажай волейболынан жартылай финалға жолдама алды, деп жазады El.kz интернет порталы.
Ұлттық құрама ширек финалда Қатарды 2:1 есебімен жеңді. Жартылай финалда Әлихан Ағабек пен Оразалы Сағыныш Индонезия құрамасына қарсы ойнайды.
Ал Гаяна Галаш және Мерей Қожахмет Мальдив құрамасын 2:0 есебімен жеңді. Жартылай финалдағы қарсыластары кейінірек анықталады.

