ҚР ҰОК

Азия ойындары: қазақстандық волейболшы қыздар қола жүлде жеңіп алды

26.10.2025 22:06

Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында Қазақстан қыздар құрамасы жағажай волейболынан үшінші орынды иеленді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Үшінші орын үшін өткен матчта Гаяна Галаш пен Мерей Қожахмет Малайзия құрамасына қарсы ойнады.

Қазақстандықтар қарсыластарын 2:1 (19:21, 22:20, 15:12) есебімен жеңді.

Айта кетейік, 26 қазанда ерлер құрамасы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының алтын медалі үшін бақ сынайды.