Азия ойындары: Қазақстан таеквондошылары 5 медаль жеңіп алды
27.10.2025 14:07
Фото:
ҰОК
Таеквондодан Қазақстан құрамасы жасөспірімдер Азия ойындарын бес медальмен аяқтады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қазақстандық таеквондо шеберлері III жасөспірімдер Азия ойындарында екі алтын, екі күміс және бір қола медаль жеңіп, нәтижелі өнер көрсетті.
Алтын медальдардың иелері: Айым Серікбаева (44 кг дейін) мен Евгений Васенкин (55 кг дейін).
Күміс жүлдегерлер – Жанайбек Шамұратов (73 кг дейін) пен Нұрәлі Махмұт (63 кг дейін).
Құрама қоржынына қола медальмен Бунияд Бахрамкулов (48 кг дейін) толтырды.
Бұл ойындар 2025 жылдың 19–31 қазан аралығында Бахрейн астанасы Манама қаласында өтіп жатыр. Байрақты бәсекеде Қазақстанның намысын 220 өрен қорғауда. Барлығы бұл ойындарға 45 елден шамамен 8000 жуық спортшы қатысуда.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

