Азия ойындары: Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсті
26.09.2023 10:05
Фото:
©Тұрар Қазанғапов
Ханчжоудағы Азия ойындарында аралас санаттағы пневматикалық мылтықтан 10 метрден ату жарысы аяқталды. Ислам Сәтбаев пен Александра Ле жұбы үшінші орын иеленді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Медаль үшін күресте Қазақстан құрамасының спортшылары Иран командасын 17:11 есебімен жеңді.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Никита Чирюкин жылдам атылатын тапаншадан Азиаданың қола медалін жеңіп алған болатын.
Ислам мен Александраны Азия ойындары жүлдесімен құттықтаймын. Олар Ираннан келген қарсыластарын сенімді түрде жеңіп, тағы да шеберліктерін көрсетті. Отандық оқ ату спорты қарқынды дамып келеді және мұндай жетістіктер осының жарқын дәлелі, – деді туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

