Азия ойындары. Ел намысын қорғайтын спортшы қыздардың есімі белгілі болды
23.08.2023 19:18
Фото:
Olympic.kz
Қытайдың Ханчжоу қаласында 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтетін Азия ойындарында ел намысын қорғайтын бұрымды боксшыларымыздың есімі белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан бокс федерациясының мәліметінше, Сарықұрлық додасында ел намысын әйелдер арасында алты боксшы қорғамақ.
Атап айтсақ, ұлттық құрама сапында жарысқа Назым Қызайбай (51 келі), Жайна Шекербекова (54 келі), Карина Ибрагимова (57 келі), Римма Волосенко (60 келі), Наталья Богданова (66 келі) және Валентина Хальзова (75 кг) қатысады.
Айта кетейік, Азия ойындарында Қазақстанның туын боксшы Асланбек Шымбергенов пен жеңіл атлет Надежда Дубовицкая көтеріп шығады.
Азия ойындарында 40 спорт түрінен медальдар жиынтығы сарапқа түседі.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

