Азия кубогы: Өзбекстан құрамасы финалға жолдама алды
15.09.2023 11:36
Фото:
nova24.uz
Футболдан Өзбекстанның (U-23) Олимпиада құрамасы Азия кубогының финалына шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өзбек футболшылары жартылай финалда Иран командасын 2:0 есебімен ұтты. Матч Ташкенттегі «ЖАР» спорт кешенінде өтті.
Азия кубогы үшін турнирде Өзбекстанның 23 жасқа дейінгі ұлттық құрамасы барлық қарсыластарын жеңіп, іріктеу кезеңін 100 пайыздық нәтижемен аяқтады.
Осылайша, Өзбекстанның Олимпиада құрамасы келесі жылы Катарда өтетін 23 жасқа дейінгі Азия кубогының финалдық кезеңіне қатысады. Катарда өтетін құрлық біріншілігінде 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиялық ойындарға жолдама сарапқа салынады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

