Азия кубогі: Баскетболдан Қазақстан құрамасы алғашқы матчта жеңіске жетті
11.07.2024 22:00
Фото:
©El.kz/Ғазиз ШАКИРОВ
Қырғызстан астанасы Бішкекте баскетболдан 18 жасқа дейінгі FIBA Азия кубогіне іріктеу басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұлттық Олимпиадалық комитет мәліметінше, алғашқы матчта Қазақстан құрамасы Қырғызстанмен кездесіп, 59:42 есебімен жеңіске жетті.
Енді біздің команда Өзбекстан U-18 құрамасымен кездеседі.
Іріктеуде жеңіске жеткен команда Азия кубогінің негізгі кезеңіне жолдама алады.

