Жаңалықтар

Азия кеңесі халықаралық байланыстар желісі ретінде өсіп келе жатыр

АӨСШК қорытындысы туралы Қайрат Сарыбай Орталық коммуникациялар алаңында айтты
Азия кеңесі халықаралық байланыстар желісі ретінде өсіп келе жатыр
Фото: inbusiness.kz 17.10.2022 17:20 2674

«Қазақстанның Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесіндегі төрағалығының басымдықтарын жүзеге асыру және АӨСШК саммитінің қорытындылары» туралы АӨСШК Бас хатшысы Қайрат Сарыбай Орталық коммуникациялар алаңында айтты, деп хабарлайды El.kz.

Жалпы, Қазақстанда саммит деңгейіндегі Азия елдерінің кездесуі 2 рет болды. Оның екеуі де Алматы қаласында өтті.

«Ол кезде біздің кеңесіміздің негізгі құжаты Алматы актісі қабылданған болатын. Оның алдында 1999 жылы Алматыда Азия кеңесіне мүше елдер өзара қатынастарын қандай қағидаттарға негіздейтіні туралы деклорация қабылдаған еді. Биыл Азия кеңесіне 30 жыл толуына тұспа тұс келіп тұрған кезде Азия кеңесі Астана қаласында тұңғыш және тарихи саммитін өткізді деп айтуға болады. Жалпы саммитке 50 делегация қатысты. Бұл делегацияның 12-сі мемлекет басшылары. Ең басты Азия кеңесінің құжатының саммиті трансформация жүйедегі мәлімдемесі болды», - деді ол.

Қасым-Жомарт Тоқаев саммитте айтқан сөзінде былай деп айтқан болатын: «Бұл жаңа ұйым құруды білдірмейді. Азия кеңесі өз институциальды дамуының жаңа кезеңіне өтуде. Кеңестің мәртебесін көтеру Азияның әлемдік істердегі артып келе жатқан рөлін нығайтып, мүше мемлекеттердің өзара іс әрекеттерін жаңа деңгейге шығарады».

«Осы орайда, саммиттегі негізгі трансформацияның идеясы жаңадан ұйым жасап шығару емес, осы күнге дейін жүзеге асырылған нәтижелердің негізінде жаңа деңгейге көтерілу. Біздің Азия кеңесі шеңбері мемлекеттеріне мүше елдердің өзара ықпалдастығын, өзара ынтымақтастығын және Азияның әлем істеріндегі артып келе жатқан рөлін көрсету. Астана мәлімдемесінде кеңеске мүше мемлекеттердің өңірлердегі қауіпсіздікті нығайту және экономикалық өсуді, өзара байланысты, әлеуметтік және мәдени дамуды қамтамасыз ету үшін бірлескен жұмысты күшейту жөніндегі саяси еркі және ұжымдық шешім қамтылды. Осы уақытқа дейінгі бүкіл кездесулерді «бас қосу, кездесу» деп атаса, қазіргі таңда осындай ауқымды жиындарды біріншіден, мемлекет және үкімет басшылары деңгейіндегі кеңес, екіншіден, сыртқы істер министрлерінің бас қосулары деп аталады», - деді Қайрат Сарыбай.

Саммит барысында Кувейт жаңа мүше мемлекет болып қабылданды. 1999 жылы Азия кеңесіне мүше елдердің саны небәрі 15 мемлекет болатын. Қазіргі таңда Азия кеңесіне мүше мемлекеттер саны 28-ге жетті. Былтыр Түркіменстан Азия кеңесінің байқаушы мәртебесіне ие болғандығы туралы айтып өтті.

«Сондай-ақ, Астана саммитінде Азия кеңесі мен Еуразиялық экономикалық одақ әріптестік туралы меморандумға қол қойды. Осылайша, Азия кеңесі халықаралық байланыстар желісі ретінде өсіп келе жатыр», - деді ол.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға