Азия чемпионатында қазақстандық балуан қыздар үш жүлде алды
14.07.2023 10:45
Фото:
ҚР Күрес федерациясының баспасөз қызметі
Иордания астанасы Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында әйелдер күресінен еліміздің 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы 3 медаль алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
12 шілдеде күрес түрлерінен 15 және 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жастар арасында Азия чемпионаты жалауын көтерді. Жарыстың екінші күні, 13 шілдеде әйелдер күресінен ел құрамасы қоржынына үш жүлде түсті.
Құрлықтық додада Сания Солтанғали (39 келі) мен Мейрамгүл Ахметжан (46 келі) финалда қарсыластарына есе жіберіп, күміс жүлде алды. Ал Фарида Абдрахманова (50 келі) қола жүлдеге қол созды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

