Оңтүстік Кореяның Вонджу қаласында ITF Juniors J300 сериясындағы турнирдің финалистері анықталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл жарыс 18 жасқа дейінгі теннисшілер арасындағы бейресми Азия чемпионаты болып есептеледі. ITF юниорлар рейтингінде әлемнің 23-ракеткасы саналатын Заңғар Нұрланұлы финалға жолдама алды.
Жартылай финалда қазақстандық теннисші Гонконг өкілі Николас Ченгті (135-орын) небәрі бір сағатта 6:3, 6:1 есебімен ұтты. Бұл – Заңғардың хардтағы қатарынан 10-жеңісі.
Финалда Заңғар Нұрланұлы Кал Томпсон (Гонконг) мен Куан Чеу Ченнің арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі. Финалдық матч ертең, 12 қазанда өтеді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

