Olympic.kz

Азия чемпионаты: қазақстандық бес боксшы қола медаль иеленді

08.08.2025 23:12

Таиландта бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатында отандық спортшылар бес қола медаль иеленді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

8 тамызда 19 жасқа дейінгі санатта әйелдер арасындағы жекпе-жектер аяқталды. Күндізгі сессияның қорытындысы бойынша Аяжан Ермек (57 келіге дейін), Құралай Егінбайқызы (80 келіге дейін) финалға жолдама алды.

Ал Айым Тәңкібаева (51 келі), Жанель Имантаева (54 келі), Алина Кудайгенова (60 келі), Ақбота Есімбекова (65 келі), Сабина Жақсылық (+80 келі) Азия чемпионатының қола жүлдеге қол жеткізді. 

Бұған дейін бокстан Ұлттық құрама спортшысы Темірлан Мұқатаев Азия чемпионатының ширек финалында қарсыласын тізе бүктірген болатын