Азия чемпионаты: отандық «классиктер» екі алтын медаль алды
11.07.2025 11:08
Фото:
ҚР ҰОК
9-10 шілде аралығында Бішкек (Қырғызстан) қаласында грек-рим күресінен жастар арасындағы Азия чемпионаты өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық балуандар төрт медальға қол жеткізді. Оның екеуі алтын.
87 келіге дейінгі салмақта Темірлан Тұрдақын жеңіс тұғырының бірінші сатысына көтерілді. Сондай-ақ 82 келіге дейінгі салмақта Диас Сейітқалиев жастар арасында Азия чемпионы атанды.
Ал 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Омар Дүйсенбек күміс жүлдеге ие болса, 55 келіге дейінгі салмақта белдескен Мұсан Ерасыл қола жүлдемен жарысты аяқтады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

