ҚР дзюдо федерациясы

Азия чемпионаты: Дзюдодан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы үздіктер қатарына қосылды

12.09.2025 22:16

Қазақстан құрамасы жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының екінші күнінде 1 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль иеленді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Еліміздің дзюдо федерациясының мәліметінше, Қазақстан құрамасы жалпы саны 2 алтын, 4 күміс және 8 қола жүлдемен жалпы медаль кестесінде 3-ші орынға жайғасты.

Оның ішінде Інжу Жұмажан (-57 кг) жеңімпаз атанса, Тоғжан Төлебай (+70 кг) күміс жүлдеге ие болды. Ал Ерасыл Болатбек (-81 кг), Ұлдана Хожаназарова (-70 кг), Ердәулет Жұмабай (+90 кг) қола жүлдеге қол жеткізді. 

Айта кетерлігі, жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты Индонезия астанасы Джакарта қаласында өтіп жатыр. Құрлықтық біріншілікке 21 елден 200-ге жуық татами шебері бақ сынап жатыр.