Азия чемпионаты: Бекарыс Раматулла күміс, Қазақстан құрамасы қола медаль жеңіп алды
10.05.2025 09:11
Фото:
Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі
Наньчан қаласында өтіп жатқан байдарка мен каноэде ескек есуден Азия чемпионатында Қазақстан тағы 2 жүлдеге ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұлттық құрама спортшысы Бекарыс Раматулла 500 метрге байдаркада жарыста екінші орынға ие болды. Ол мәреге аз қалғанда Қытай спортшысына жол берді.
Ал каноэде 500 метрге ескек есуде Қазақстан құрамасы үздік үштікті түйіндеді. Команда сапында Сергей Емельянов, Руфина Искакова, Тимофей Емельянов пен Маргарита Торлопова шықты. Мұнда Вьетнам құрама чемпион атанса, Қытай күміс жүлдеге қол жеткізді.
Қазір жалпы есепте 9 алтынмен жарыс қожайыны Қытай көш бастап тұр. Одан кейін 1 алтын медалі бар Қазақстан мен Вьетнам командасы келе жатыр. Финалдар кешке дейін жалғасады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

