Азия чемпионаты: Абылайхан Жүсіпов сенімді түрде финалға шықты
08.12.2024 16:32
Фото:
t.me/olimpicgames_Kazteamfan
Таиланд Корольдігінің Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында бесінші боксшымыз ақтық сынға жолдама алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жартылай финалда тәжірибелі жерлесіміз Тәжікстан өкілі Шохобжон Шукуровпен кездесті. Өте салқынды қимылдаған Абылайхан барлық раундта сауатты түрде қорғанып, шабуылдай білді. Төрешілер шешімімен есеп - 5:0.
71 келі салмақтағы спортшымыз финалда Хавасбек Асадуллаевпен (Өзбекстан) жұдырықтасады.
Айта кетейік, бұған дейін боксшыларымыз Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Оразбек Асылқұлов пен Дулат Бекбауов Азия чемпионатының финалына жолдама алған болатын.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

