Жаңалықтар

"Әзір өлмеймін". Ақын Айнұр Тұрсынбаева ауруханаға түсіп қалды

"Әзір өлмеймін". Ақын Айнұр Тұрсынбаева ауруханаға түсіп қалды
Фото: instagram.com/aidyn_nury 10.10.2023 16:14 16063

Белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның денсаулығы сыр беріп, ауруханаға түсіп қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін таңым жедел жәрдем шақыртудан басталды. Есесіне ауруханаға тегін жетіп алдым десем. Бірақ шындығында күлуге шамам жоқ. Сүйектерім қақсам, буындарым біртүрлі ауырып тұр. Жөтелсем қабырғам сынып кететін сияқты. Ауырып жатсам да сіздерге жазып үлгеріп жатырмын. Демек әзір өлмеймін, – деп жазды Айнұр Тұрсынбаева.

Сонымен қатар, дәл осы күні ақынның анасы да науқастанып қалғаны белгілі болды.

Бүгінгі тағы бір проблемам ешкім тамырымды таба алмады. Төрт медбике келіп жеті жерден тесіп тастады. “Тамырыңыз қашып, ұстатпайды” деді. Бесіншісі келіп әрең салды. Қызық иә?! Бүгін анам да жедел жәрдеммен кетіпті. Және оның да тамырын таба алмай, қатты қиналған екен. Ана мен бала бір адам, – дейді ақын ойларымен бөлісіп.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға